Есенберлиннің 100 жылдығына арналған конференция өтті

Астанада белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 100-жылдық мерейтойы аясында "Қаламгер. Тұлға. Кемелденген адам" атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің әдеби мұрасымен таныстыру, оны кеңінен насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемнің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Конференция ұйымдастырушылары қазақ халқының тарихы мен тұрмысын көркем тілмен жеткізе білген І.Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде белгіледі. Осыған орай, мәжілісті Астана қаласының № 67 мектеп-гимназиясында өткізу ұйғарылды. Оған 8-11-сынып оқушылары, сондай-ақ білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында әдебиеттану кабинетінің тұсаукесері де жасалды.
Айта кеткен жөн, конференция жұмысына І. Есенберлиннің немересі Мағжан Қозыкөрпешұлы Есенберлин, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, Атбасар мен Көкшетау қалалары мұражайларының қызметкерлері, мәдениет саласының қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі. Пленарлық мәжілісте жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеу, сонымен қатар Ілияс Есенберлин мұрасын сақтау мәселелері талқыға салынды.
Конференцияның ұйымдастырушылары - Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу