"Кенгуру" математика байқауы басталады

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін «Дарын» республикалық ғылыми-зерттеу орталығы 3-10 сынып оқушылары арасында «Кенгуру метематика барлығы үшін» деген атпен 19 наурызда конкурстық ойын өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл ойынға еліміздің мектептеріндегі кез келген оқушылар қатыса алады. Тек ерікті ойыншы ұйымдастырушыларға 500 теңге көлемінде жарна төлеуі тиіс. Әр өңірдегі ұйымдастырушылар оқушылар туралы тиісті мәлеметтерді орталыққа жіберуі қажет.
«Кенгуру» байқауы жыл сайын республика бойынша өткізіліп келеді. Оған еліміздегі барлық орта мектебінен 3-10 сынып оқушылары арасынан мыңнан астам оқушы қатысып үлгерді. Метематикаға деген оқушы қызығушылығын арттыруға бағытталған конкурс осы уақытқа дейін жоғары бағаға ие болды.





