Құрбан айт намазы қалай оқылады?

Құрбан айт намазы қалай оқылады?

Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Имам: «Екі рәкат Құрбан айт намазына ниет еттім», – деп ниет етеді.
Жамағат «Екі рәкат Құрбан айт нама­зына ниет еттім, ұйыдым имамға» деп ниет етеді. «Аллаһу әкбар» деп, ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі алынады. Қолдар байланып, имам мен жамағат бірге құпиялай «Суб­ханака Аллаһумма» дұғасын оқиды. Одан кейін имам жариялай, жамағат құпия түрде «Аллаһу әкбар» деп, үш рет тәкбір айтады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоға­ры көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Әрбір тәкбірдің арасында үш тәсбих айты­латындай сәт тұрады. Үшінші тәкбірден кейін қолдар байланып, имам «Ә’узу» мен «Бисмиллаһты» құпиялай, одан кейін «Фатиха» мен қосымша сүрені жариялай оқиды. Осыдан кейін жариялай «Аллаһу әкбар» деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жама­ғат та құпиялай тәкбір алып, имамға ұйиды. Содан кейін екінші рәкатқа бастай­ды. Имам құпиялай – «Бисмиллаһ», жа­рия­лай – «Фатиха», содан кейін қосым­ша сүре оқиды. Міне, осыдан кейін осы жерде алғашқы рәкаттағыдай үш рет тәкбір ала­ды. Бұдан кейін имам жариялай, жамағат  құпия түрде «Аллаһу әкбар» деп, рүкүғ пен сәждеге барады. Одан кейін отырып, «әт-та­хият», «салауат», «рәббәнә» дұғалары оқы­­лып, екі жаққа сәлем беріледі. Яғни бұл айт намаздарының әрбір рәкаттарында үш қосымша тәкбір бар. Бұл тәкбірлер – уәжіп.
Құтпашы айт намаздарының артынан мінберге шығып, тіке тұрып, жұмадағыдай екі құтпа оқиды. Айт құтпалары тәкбір­мен басталып, жамағат та осы тәкбірге жай­лап қосылады. Жұма намазындағы сүннеттер мұнда да – сүннет. Мәкрүһ болған нәрселер бұл жерде де – мәкрүһ. Айт құт­па­сының намаздан бұрын оқылуы – мәкрүһ.
Имам бірінші рәкатта айт тәкбірлерін ұмытып, «Фатиханы» оқып жатқанда есіне түс­се, дереу тәкбірлерді алып, «Фатиханы» қайта оқиды. Бірақ «Фатиха» мен Құранды оқы­ғаннан кейін есіне түссе, тек қана тәк­бірлерді алады. Қайта оқудың қажеті жоқ.
(muslim.kz)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста