"100 рет Меккеге барған Амангелді қажы бізді алдап кетті". Қажылыққа барған алматылықтардың арызы

"100 рет Меккеге барған Амангелді қажы бізді алдап кетті". Қажылыққа барған алматылықтардың арызы

Осы жылы 6 қаңтарда "Нұр-Қазақстан" компаниясымен қажылық сапарға барған бір топ алматылық азамат Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан компания лицензиясын алып тастауға ықпал етуін сұрайды деп хабарлайды qamshy.kz.

 

Олардың сөзінше, компания директоры Амангелді қажы Әбдіхалық қажылыққа баратын қазақстандықтардың қалтасын қағып, алаяқтық жолмен азаматтардан артық ақша алып отыр. 1700 АҚШ доллары тұратын қажылық "Әбдіхалықтың айтқандарына алданып қалдық" деген 12 азаматтың сөзінше, "Нұр-Қазақстан" компаниясымен қажылық сапарға бару үшін олардың әрқайсы компанияға 1700 АҚШ долларынан төлеген. Ал Әбдіхалық сол ақшаға оларды 12 күндік қажылыққа апаруды уәде еткен, бірақ берген уәдесін орындамапты.


– Біз Амангелді қажымен келіскенде 10 күн қажылық сапарда, одан бөлек екі күн Дубайда боламыз деп келістік. Бірақ жеме-жемге келгенде ол кісі Дубайда болған екі күнімізді қажылық сапарына қосып жіберіпті. Соның кесірінен қасиетті Мекке жерінде жұма намазын оқи алмадық, – дейді алматылық тұрғын Жұмағали Қабікен.

 

Алтыншы қаңтарда Алматы әуежайынан Дубайға ұшқан азаматтар Әбдіхалықтың тапсыруы бойынша, кеден қызметкерлеріне қажылыққа емес, тек "Дубайға саяхаттап барамыз" деп өтірік айтқан.

 

Олардың сөзінше, Амангелді қажы "Егер сендерден кеденде шекарашылар сұраса, Дубайға барамыз деп айтыңдар, Меккеге демеңдер" депті. Сонымен қатар Әбдіхалық әуежайда өзі қажылыққа апара жатқан адамдардан бөлек жүріп, танымайтын түр танытқан. Ал оның бұлай етуінен алғашында секем алған азаматтар кейін "Мүмкін квотасы бітіп қалған шығар" деген ойға келіп, кеден қызметкерлеріне "Дубайға бара жатырмыз" деп айтқан. Бірақ кейін Әбдіхалық ашқызып берген визалары туристік виза екенін білген.

 

Айтуларынша, виза аштыру үшін де олар "Нұр-Қазақстан" компаниясының директоры Амангелді қажы Әбдіхалыққа 150 АҚШ долларын төлепті.


"Уәде еткен жұлдызды қонақ үйі ескі, сасық болып шықты"

 

Қажылыққа барған алматылық 12 тұрғынның сөзінше, олар "Нұр-Қазақстан" компаниясына "Жататын қонақ үйіміз жайлы болсын" деген талап қойған, ал компания директоры ол талаптарын орындауға уәде еткен.


– Мединеде төрт жұлдызды, Меккеде бес жұлдызды қонақ үй болады, жағдайларыңның бәрі жасалады, өздерің ойлағандай құлшылық етіп келесіңдер" деп уәдесін берген. Бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Сол үшін де біз ол кісіге өкпеліміз, – дейді "Нұр-Қазақстан" компаниясымен қажылық сапарға аттанған алматылықтардың бірі Құрманбек Сәбидоллаұлы.

 

Алматыдан "Нұр-Қазақстан" компаниясымен қажылыққа аттанған Жұмахан Лестің сөзінше, Медине қаласында аялдаған қонақ үйлері алдын ала уәде етілгендей төрт жұлдызды емес, ескі һәм жағымсыз исі бар болып шыққан.


– Біз орналасқан бөлмелерде кілемі сасып кеткен. Қол жуғышы бітеліп қалған. Ванна да дәл сондай бітеліп қалған. Суы дұрыс ақпайды. Бөлменің қабырғалары көгерген. Мүлдем адам тұруға жағдай жасалмаған. Соның салдарынан арамыздағы кейбір азаматтың тамағы ауырып, тұмау тиді. Қажетті дәрі-дәрмекті өзіміз алдық. Бізді қажылыққа бастап барған Амангелді қажыдан еш қайыр болмады, – дейді ол.


ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 

"Нұр-Қазақстан" компаниясы жалдаған Медине қаласындағы қонақ үй Осы сапарға барған тағы бір алматылық Асхат Махметханның сөзінше, аялдаған қонақ үйлерінің қызмет сапасы көңілдерінен шықпай, Әбдіхалықтан басқа қонақ үй тауып беруін талап етен. Алайда ол азаматтардың айтқан шағымына құлақ аспай, бұл уәждерін тәкаппарлыққа теңеген. Оларды діни уағыздармен қорқытқан.


– Ол кісінің бірден-бір айтатын сылтауы: сен Мединеге келдің, Меккеге келдің, Алланың шақыруымен келдің. Ешқандай шағым айтуға құқың жоқ. Бұл жерде ешкімнің хақысы сұралмайды. Сен құлшылыққа келдің, басқа нәрсенің бәрін қайырып тастап, құлшылық етуің керек. Бұл қасиетті жерге адамдар үш түрлі себеппен келеді. Біріншісі – Алланың шақыруымен. Ондай адамдардың жасаған құлшылығы қабыл болады. Екіншісі – пайғамбардың шақыруымен келетіндер. Яғни, ондай адамдар белгілі бір адамның ықпал етуімен келіп, құлшылығын өтейді. Ал үшіншісі – шайтанның шақыруымен келетіндер. Ондай адамдар келген соң түрлі сылтау айта бастайды. Жатқан жеріне, ішкен тамағына риза болмай, тәкаппарлық танытады. Ондай адамның құлшылығы әлбетте қабыл болмайды. Сондықтан тәкаппарлық танытпай, қасиетті жерге келгенде барлық жағдайға шүкір етіңіздер. Әйтпесе, шайтанның шақыруымен келгендей боласыздар деп айтты, – дейді ол.

 

Оның айтуынша, осы діни уағыздардан кейін олар көп нәрсеге көз жұма қарап, құлшылықтарын ұрыс-керіссіз өтеп қайтуға бекіген, алайда барған жерлерінде келеңсіз жағдайларға кезіге беріпті.


"Елбасының шақыртуымен кетіп қалды"


Қажылыққа барған азаматтар Амангелді Әбдіхалық олармен сапар барысында үш-ақ күн бірге болғанын айтады. – Мединеде жүрген кезде бізді тастап, "Елбасының жиналысына мен қатыспасам болмайды. Елбасы мені жиналысқа шақырып жатыр" деген сылтаумен қаңтардың тоғызы күні Қазақстанға ұшып кетті. Ол кісінің расымен Елбасының шақыртуымен бе, әлде басқа мақсатпен ұшып кетті ме, ол жағын білмедік. Әйтеуір, бірнеше күннен кейін тағы бір топ азаматты қажылыққа алып келіпті, – дейді олар.

 

Олардың сөзінше, Мединеде екі күн болып, Меккеге барғанда түн ортасында ешқандай жетекші жоқ, хабарсыз қалыпты. 12 азаматтың ол жақтағы қонақ үй сапасына да көңілі толмаған.


ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Сөздерінше, ол кезде Амангелді Әбдіхалық Қазақстанда болған, оған телефон арқылы байланысқа шығуға тырысқанмен, байланыса алмапты. Ал компания директоры табыстап кеткен ГИД те "Білгендеріңді істеңдер!" деп қашып кетіпті. Сондықтан олар ол қонақ үйге аялдамай, өз қалталарынан ақша шығарып, басқа қонақ үйге орналасыпты.

 

Ертесі күні өздері орналасқан қонақ үйдің шығынын төлеп беруді өтініп, компания директорына хабарласқанда, ол "Сендер қандай тәкаппар едіңдер?! Қонақ үйдің ақшасын төлеп қойдық. Ол – барлық жағдайы жасалған сапалы қонақ үй. Тамақтарың дайын. Тәкаппарлық қылмай сол қонақ үйге барыңдар. Әйтпесе, компания ешқандай да ақшаларыңызды қайтармайды. Менің сіздерге басқа қонақ үйге төлеп беретін ақшам да жоқ. Ұнаса қоныңдар, ұнамаса өз еріктерің" деп зекіп тастапты.

 

Осы сөздерден кейін Әбдіхалықтың "ақшасы түгел төлініп қойды" деген қонақ үйіне қайта оралған 12 азамат ол жақта өз аттарына ешқандай бөлме тіркелмегенін, олар үшін қонақ үйдегі ешқандай бөлмеге ақша төленбегенін білген. Сол сәттен бастап Әбдіхалықтың сөзіне сенуден қалған олар ары қарай қажылық сапарды өз беттерінше жалғастырған. Қажылыққа барғанда міндетті түрде зиярат ету керек деп саналатын қасиетті жерлерді өздері аралап, құлшылықтарын жалғастырыпты.

 

Оларға қажылыққа апарған компания директоры да, компанияның басқа өкілі де хабарласпаған, өздері де сол сәттен бастап ол компанияның көмегіне жүгінбеген.


"Біздің мақсат – халықтың көзін ашу"

 

Қамшы тілшісімен сөйлескен алматылық 12 азамат өздері сеніп барған компанияның осындай жағдайда қалдырғанына қайран қалып отыр. Олардың сөзінше, "Нұр-Қазақстан" компаниясына өздері қажылыққа алып барған азаматтардың өмірі, денсаулығы емес, тек ақшасы ғана маңызды.


– Біздің түсінуімізше, "Нұр-Қазақстан" компаниясының директоры Амангелді қажы Әбдіхалық өзі қажылыққа апарған адамдардың қауіпсіздігіне еш алаңдамайды. Олардың денсаулығына, өміріне жауапкершілікпен қарамайды. Мысалы, бізді жарты жолдан тастап кетті. Егер сол кезде біздің денсаулығымызға, өмірімізге қауіп төнсе қайтер еді?! Бұл – барып тұрған масқара! Діни басқармадан мұндай компанияның лицензиясын тоқтатуға ықпал етуді талап етеміз. Және бұл компания халықты алдап отыр деп есептейміз. Біз Мединеде, Меккеде өзімізге алдын ала дайындалған қонақ үйдің ақшасын интернет арқылы қарадық. Біздің бұл компанияға төлеген ақшамыз бен қонақ үй бағасын салыстыруға мүлдем келмейді, айырмашылығы жер мен көктей. Өздері уәде еткендей төрт жұлдызды, бес жұлдызды дей алмайсың. Компания директоры Амангелді Әбдіхалық пен оның жалдамалы ГИД-тері қажылық сапары барысында бізді орта жолдан тастап кеткен кезде, біз өз қалтамыздан қосымша ақша шығарып, жататын қонақ үй, ары-бері қатынайтын көлік жалдадық. Сондықтан компания басшылығы бізге қалтамыздан артық шыққан 700 АҚШ долларымызды өндіріп берсін, – дейді олар.

 

Олардың сөзінше, Араб жерінде болған жайттардың бәрін жұртшылыққа жария етудегі мақсат – халықтың көзін ашу.


– Біз басында Ислам дініндегі бес парыздың бірі – қажылығымызды орындау үшін қасиетті жерге барып, анау ұнамады, мынауы дұрыс емес екен деп айтқымыз келмеген. Алайда ойлана келе егер біздің орнымызда жасы үлкен ата-апалар осы компаниямен қажылыққа барса, күні не болмақ деген ойға келіп, бұл компанияның былықтарын әшкерелеп отырмыз. Біздің мақсат – халықтың көзін ашу, – дейді "Нұр-Қазақстан" компаниясымен қажылыққа барған алматылықтар.

 

Олардың айтуына қарағанда, әуелде "Нұр-Қазақстан" компаниясымен қажылыққа баруға Адақнұр Нұрахметұлы деген қажы кеңес берген.


– Негізі біз умра қажылыққа ниет еткеннен бастап басқа компаниямен сөйлескен едік. Бірақ өзіміздің танысымыз Адақнұр Нұрахметұлы деген қажының ұсынуымен осы "Нұр Қазақстанға" жолығып қалдық. Амангелді қажымен кездестік. Алғаш кездескендегі уәделерінің бәрі жақсы болды. Ең алдымен біз бұл кісінің "Жүз рет қажыға барған адаммын, неше жылдан бері қаншама мыңдаған адамдарды қасиетті сапарға апардым" дегеніне имандай сеніп қалдық. Сондықтан біз бұл кісіден келісім-шарт талап етпедік. Екіншіден, ортақ танысымыз болғандықтан біз ол кісіге көп сұрақтар қоймадық. Тіпті, қажылық сапарға төлейтін ақшамыздың жартысын ол кісінің жеке карточкасына, ал қалғанын қолма-қол төледік. Ол үшін чек те талап етпеппіз. Кейін ойлансақ, бұлай істеуіміз қате болған тәрізді. Біздің ақшаны осылай төлеуіміздің арқасында елімізде заңды түрде тіркелген "Нұр-Қазақстан" компаниясы салықтан да жалтарған болуы мүмкін, – дейді алматылық 12 азамат.


"Нұр-Қазақстан" қандай компания, оның директор Амангелді Әбдіхалық деген кім?

 

Алматылық тұрғындар Қамшы тілшісіне қажылықта көрген қиыншылықтарын айтып, болған жайтты баяндап берген соң "Нұр-Қазақстан" компаниясы туралы ақпарат алу үшін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына хабарластық. Бірақ діни басқарма тарапынан нақты жауап болған жоқ. Біздің қоңыраумызға жауап берген ҚМДБ өкілі бұл мәселеге қатысты қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов қана жауап беретінін, алайда ол шетелде іс сапармен жүргенін айтты.

 

Ал "Нұр-Қазақстан" компаниясының директоры Амангелді Әбдіхалық бұл мәселеге байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Ол Қамшы тілшісінің осы мәселеге қатысты қойған сұрағына "Ауырып жатырмын. 1-2 күнде хабарласам. Кеңседе жолығармыз" деп қысқа қайырды.

 

Қамшы тілшісі Амангелді Әбдіхалық пен ол басқаратын "Нұр-Қазақстан" компаниясы туралы ақпаратты интернеттен іздеп көрді. Компанияның ресми сайтында қай жылы құрылғаны туралы ақпарат жоқ. Есесіне компания директоры өткен жылдың күзінде "Adyrna.kz" порталына берген сұхбатында компания 2007 жылы құрылғанын айтқан.


"1998 жылы Сауд Арабиясының шақыруымен 220 адам тегін қажылыққа барып келдік. Солардың жолын ұйымдастырып, апарып алып келдік. 1999 жылы 250 адамды тағы да шақырды. 2001 жылы "Спутник" туристік компаниясының қажылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істедім. Ол кезде басқа компания жоқ. Бес жыл бойы бүкіл Қазақстанның қажыларына біз қызмет еттік. Тәжірибе жинап, 2007 жылы өз компаниямды аштым" дейді Әбдіхалық "Adyrna.kz" порталына берген сұхбатында.

 

Сол сұхбатта Әбдіхалық қазақстандықтарды қажылыққа апаруда 20 жылдық тәжірибесі бар екенін және осы уақытқа дейін 16 мыңнан астам қазақстандықты қажылыққа апарғанын айтқан. Интернетте Амангелді Әбдіхалықтың өткен жылы күзде "Аллаға шүкір" және "Шүкір" деген атаумен ұлан-асыр той жасағаны туралы ақпарат бар.

 

Қазақстандық сайттардың жазуынша, ол бұл тойды 100 рет қажылыққа барғанына шүкір ету мақсатында өткізіпті. Кейін ол тойдың видеолары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамның өткір сынына ұшыраған. Көптеген желі қолданушылары "Исламда ысырапқа жол жоқ. Бұл – барып тұрған ысырап" деген пікір жазған.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста