2030 ЖЫЛЫ ИСІ МҰСЫЛМАН БІР ЖЫЛДА ЕКІ РЕТ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ
Халид әз-Зәкака есімді саудиялық астроном 2030 жылы исі мұсылманның екі мәрте ораза ұстайтынын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталының тілшісі islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Ал Григориан күнтізбесі күннің жерді айналу циклімен өлшенеді. Қасиетті Рамазан айының соңғы рет бір жылда екі рет қайталануы 1997 жылға сәйкес келеді.
Оның алдында мұндай құбылыс 1965 жылы орын алған еді.
2030 жылдан соң мұндай құбылыс 2063 жылға тұспа-тұс келмек.
Хижра жыл санауы бойынша 1451 жылы қасиетті Рамазан 2030 жылдың қаңтар айының 5-і күні басталады, сол хижра бойынша 1452 жылдың желтоқсан айының 26-на тұспа-тұс келмек.
Яғни, исі мұсылман Григориан күнтізбесі бойынша 2030 жылы екі мәрте ораза ұстайды.
Исі мұсылман осылайша 2030 жылы шамамен 36 күн ораза ұстайды: 1451 жылы толық 30 күн және 1452 жылы шамамен алты күн. Ай хижрасы бойынша жыл 354 немесе 355 күнге созылады.
Бұл григориан күнтізбесінің 365 күніне мүлдем сәйкес келмейді.