300-ден астам қазақстандық шетелде діни білім алып жүр

300-ден астам қазақстандық шетелде діни білім алып жүр

Бүгінгі таңда шетелдегі діни оқу орындарында 300-ден астам қазақстандық азамат оқиды. Олар Мысыр, Сауд Арабиясы, Түркия, Иордания, Пәкістан, Иран, Малайзия сияқты мұсылман елдерінде білім алып жатыр. Ал 17 адам биыл елге қайтып оралған. Бұл туралы BNews.kz  тілшісіне берген сұхбатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Күлекеев айтты.

«Шетелде білім алып жатқан қазақстандықтар – 22-43 жас аралығындағы азаматтар. Басым көпшілігі Мысыр еліндегі ислам әлеміндегі ең көне әрі әйгілі «Әл-Азһар» университетінде оқиды. Одан кейін азаматтарымыздың көпшілігі Сауд Арабиясы мен Түркияда білім алып жатыр. Шетелдегі діни оқу орындарында білім іздеген отандастарымыздың саны үнемі өзгеріп отырады. Себебі, біреулері оқуын бітіріп, елге қайтады, енді біреулері оқу қиындығы мен шетелдегі тұрмыстық ауыртпалықтарға шыдамай, Қазақстанға қайта келуге мәжбүр болады», - дейді Дін істері комитеті төрағасының орынбасары.
Мәселен, биыл жыл басынан бері 17 адам шетелден елге оралған.
«Алматы облысына 2 адам, Оңтүстік Қазақстан облысына 6 адам, Жамбыл облысына 4 адам, Ақтөбе облысына 5 адам қайтып оралды», - дейді ол.
Өкінішке қарай, кейбір отандастарымыз шетте оқып жүріп, жергілікті заңдар мен көші-қон қағидаларын өрескел бұзғаны үшін ұсталып, елімізге мәжбүрлі түрде қайтарылады.
«Жалпы, еліміздің азаматтары шетелдегі беделді әрі ресми діни оқу орындарында сапалы білім алған жағдайда мемлекет тарапынан оған қарсылық болмайды. Алайда, отандастарымыздың жергілікті саяси-әлеуметтік, діни ахуалды, мәдени ортаны, тіпті, діннің өзін толық білмей, сол жақтағы заңсыз немесе күдікті оқу орындарында сабақ алумен қатар, теріс діни ағымдардың жақтаушыларының ықпалына түсіп кеткен оқиғалары мәлім. Осы орайда мемлекет өз азаматтарын қорғау мақсатында тиісті шараларды қолға алуы қажет», - дейді Б.Күлекеев.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердегі дін істері басқармалары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, шет елдердегі әртүрлі күдікті діни оқу орындарында оқып жүрген азаматтардың ата-аналары мен туған-туысқандарымен тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оларға шетелдегі қауіп-қатерлер туралы, әртүрлі діни оқу орындарында берілетін білімнің еліміздің қалыптасқан дәстүрлі діни ұғымдары мен салт-дәстүрлеріне сәйкес келмейтіндігі түсіндіріледі. Ал кейбір сырттағы діни оқу орындарында оқытылатын діни қөзқарастар мен наным жолдары, теологиялық бағыт, дін ұстану тәжірибесі еліміздің рухани болмысына мүлдем жат.
«Сонымен қатар, бүгінгі күні сапалы діни білімді отандық діни оқу орындарында алуға болатындығы жұртшылыққа айтылып жүр. Олар – Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университеті мен еліміздегі орта діни білім беретін медреселер. Осы оқу орындарында берілетін білім мұсылман мемлекеттеріндегі теологиялық оқу орындарының діни пәндерін оқыту сапасымен бірдей деп айтуға болады», - дейді комитет өкілі.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста