7-жасар баланың Пайғамбарға жазған хаты жүректі елжіретеді

7-жасар баланың Пайғамбарға жазған хаты жүректі елжіретеді

Мәдина қаласындағы бір фирмада электр саласында қызмет атқаратын Алланың досы, пайғамбарымыздың шынайы үмметінен болған бір мұсылман бауырымыз бірде аптаның соңғы күні таңертең өзіне берілген
міндетті атқарып, үйіне қайтар мезгілде Алла Елшісі (ﷺ) (Рауза) жерленген аймақта тоқ соғып, бұл дүниемен қош айтысады.

Ол кісі «Жәннәтүл Бақи» қабіріне жерленеді. Ал, жанұясы болса, амалдың жоқтығынан Түркия еліне қайта оралады.
Сол кездегі оның 7 жастағы ұлы Нәби Доғанай мектеп аралық мақала жарысында бас жүлдеге ие болған. Ол Пайғамбарымызға (ﷺ) деген жүректің түбінен лаулап шыққан сүйіспеншілік сезімін қолына қалам алып, қағаз бетіне түсірген екен. Орайы келгенде, Нәби Доғанайдың пайғамбарға деген махаббатын сіздердің назарларыңызға да ұсынғанды жөн көрдік.
Жарқыраған күнім!
Сені, аяулы әкемді және аяқ киімімді сонда қалдырып едім.
Көктем күндерінің бірінде жаңа ашылған гүлдей хош иіс шашып тұрған Мәдина қаласында бұл дүниеге келдім. Мен туылған емхана Раузаның дәл қасында болғандықтан, мұрныма алғаш келген иіс – сенің бағыңның гүлінің иісі болатын.
Әкешім құлағыма азан шақырмас бұрын құлақтарым сенің мешітіңнің азанынан нәр алған еді. Қырық күндік болғанымда алғаш жасаған сапарым сенің Хана–и Саадетіңе (Пайғамбар (ﷺ)-нің үйіне) жасалған сапар болатын.
Алғашқы қадамымды сенің Раузаңдағы мәрмәр тастарыңды басып, Раббыммен алғашқы табысуым болған сәждемді де сенің мешітіңде орындаппын. Алғаш жасалған әрбір істің басында сен барсың. Мен әлі сөйлеуге тілім келмей тұрып сені сүюді үйрендім. Бәлкім сол кезде сені танымайтын да шығармын, бірақ сені өзіме сондай жақын деп сезініп, жақсы көретінмін.
Сенің үйіңді зиярат еткен сайын өзіңді көрмесек те бар екеніңді сезініп, үйге қайтарда еш қимайтынбыз. Балалар үйде зерігетін болса, әкелеріне саябаққа, не болмаса ойын ойнайтын жерлерге апаруларын сұрайды. Ал біздің өміріміз Мәдинада өткеннен болса керек, әкемізден саябаққа апаруын ешқашан сұраған емеспіз. Сонда біз зерікпеуші ме едік?! Мен  өзім Мәдинадағы балалардың ешбірін зерігеді деп ойламаймын. Өйткені, онда еш жерде жоқ гүл бақшасы мен сол гүл бақшаның жалғыз ғана мырзасы бар болатын! Біздің де көп уақытымыз сенің сол гүл бақшаңда өтетін.
Сенің бақшаңдағы мәрмәр тастарды аяқ киімімізбен баспай-тынбыз. Мәрмәр тастардың үстінде жалаңаяқ жүретінбіз. Кім білсін, бәлкім бақшаңның гүлдерін басып кетуден қорыққан шығармыз. Жазды күні мәрмәр тастарың аяқтарымызды күйдіретін, бірақ сонда да бізге ол өте ұнайтын. Бірде әкемнен:
– Әкешім, Мәдина неге сонша ыстық? – деп сұрадым. Сонда әкем:
– Балапаным-ау, Мәдинада күннің екеу болғандығынан ыстық, – деді.
– Әке, сонда қалай? Күн біреу емес пе? – дедім.
Әкем күліп тұрып:
– Иә, дұрыс, балапаным. Бүкіл әлемге жарық беруші бір Күн бар. Ал бүкіл ғаламға жарық беріп, нұрландырып тұрушы тағы бір күн бар. Ол Мәдинада болғандықтан ыстық екі есеге күшейе түседі, – деді.
Әкемнің осы жауабынан тұла бойым нәр алғандай болатын. Шын мәнінде жерге төселген мәрмәрлар тек аяғымды ғана күйдіреді. Ал сендегі күннің ыстығы – жүрегімді жылыта түседі!
Мәдинадан кеткеннен кейін де аяғым жылынуда, бірақ ішім әлі күнге дейін жылынар емес. Өйткені, күніміздің ең үлкені сол жерде қалған болатын. Мен жарқыраған күнімді жоғалттым. Енді оның үйіне, гүл бақшасына бара алмаймын. Шын мәнінде күннің ыстығы осынау жерлерді де жарықтандырады. Ал ішкі дүниемді жылыту үшін оның Раузасында жүгіріп, серуендеуім керек.
Иә, бақшаңда жүргенде азан шақырылатын. Мәдина азаншысы азанды тамаша шақыратыны соншалық, Билал Хабашидің шақырған азанын тыңдап тұрғандай сезімде боласың.
Намаз оқу үшін мешітке қарай жүгіріп баратынбыз. Әкемнің қасында тұрып алып, бірге намаз оқитынбыз. Намаз оқып жатқанымызда марғаулар үнін шығармай қасымызға келетін. Әкем бізге: «Тиіспеңдер! Олар Әбу Хурайраның марғаулары», – деген кезде біз сене қалатынбыз. Сенің үйіңе мысықтар да кіре алады. Өйткені, сен өте жақсы үйдің иесі едің.
Аптаның әрбір сәрсенбісінде Ухуд тауына барып, сенің ең сүйікті туысқан ағаңды зиярат ететінбіз. Бауырларыммен бірге Ухудтың дәл төбесіне шығып, сонда жатқан жетпіс шейітке сәлем беретінбіз. Ухудқа әр қарағанымызда сені көргендей боламыз. Ухудта да сенің Раузаңдағыдай гүл иісі мүңкіп тұрады. Ол жердің де өзіндік бір ерекшелігі сезіледі.
Менің өмірімнің ең маңызды сәттері сенің ауылыңда, сенің гүл бақшаңда, сен соғысқан жерлерде өтті. Сен қасымда бар секілді өмірім сеніммен толы өтті. Сені көрмесем де, сенімен бірге өмір сүруге үйренгенім соншалықты, жанымның бір бөлігі Мәдинада қалған сияқты болады да тұрады.
Бұл жерлер маған бөтен сияқты. Әттең, қолымнан келсе дереу жүгіріп қасыңа барушы едім. «Бірақ, ер жеткен соң барасың», – дейді. Мен тек қана сенің қасыңа бару үшін ер жетіп келемін. Сенің қасыңа барғанымда ер жетіп, ересек болсам да сенің бағыңдағы мәрмәрлардың үстінде жалаң аяқ серуендеуші ем!
Саған деген сағыныштан жан-дүнием тітірене түседі. Бәлкім өзіңе деген сағыныштан барлық адамзат өртенетін шығар. Ал мені тоңдырады. Өйткені, менің рухым сенің махаббатыңмен жылынуға әбден үйреншікті болған.
Сенің жылуыңа сондай мұқтажбын. Егер саған бара алмайтын болсам да, сен мені ұмытпашы! Жарығыңмен түнімізді нұрландырып, жылуыңмен бүкіл денелерімізге жылу бер! Мәдинада тұрған кезімізде көрші болатынбыз, үйлеріміз бір-біріне тым жақын еді. Сенің барлығың бізге әрқашан демеу беріп тұратын. Анда-санда болса да үйлерімізді нұрландырып тұршы.
Менің де есімім Нәби, дәл сенің есімің сияқты. Бұл есімді маған сені өте қатты жақсы көретін досың қойыпты. Сенің есімің сияқты менің де тағы бір есімім бар. Ол – Мұхаммед. Бұл есімді аяулы әкешім қойыпты. Ол сенің ауылыңа қалдырып кеткен әкешім болатын. Менің саған ұқсайтын тағы бір жағым – мен де сен сияқты әкесіз ұлғайып келемін.
Мен өте бақыттымын. Сен бізге мүлдем жетімдігімізді сездіртпедің. Мәдинадан кеткенімізден бері сені үнемі қасымызда деп сезініп келемін. Түндерім еш қорқусыз, тыныш ұйқымен өтіп жатыр. Сені танып, жақсы көргенім үшін Аллаға сансыз шүкірлер айтамын.
Әкемді сенің ауылыңда қалдырған едік. Біз әкемнің жаназасын оқып болып, қабірге көмерде ағамның аяқ киімі әкемнің қабіріне түсіп кетті де, сонда қалып қойды. Сол аяқ киімді ойлап, көкейімде қызғанушылық сезімі ұялай бастады. Өйткені, ағамның аяқ киімі әрдайым әкеммен бірге болатын болды. Соңғы рет әкемді зиярат етіп барғанымызда мен де ешкімге білдіртпей өз аяқ киімімді әкемнің қабіріне көміп кеттім. Міне, содан соң жаным тыныштала бастады. Себебі менің де аяқ киімім әрқашан әкеммен бірге болатын болды.
Иә, «жарқыраған күнімді, аяулы әкемді және аяқ киімімді қалдырып кеттім» деп едім ғой. Сол әкем мен аяқ киімім әрқашан сонда, ешқашан келе алмайды. Алайда жарқыраған күніміз әрқашан қасымызда. Жетімдердің мырзасы болған жетімдерін ешқашан жарықсыз қалдыра ма екен?! Біз дүниенің арғы бұрышында болсақ та жалғыз тастамайтындығын білемін.
Мырзам, көзіміз, көңіліміз сенімен жарық табады. Рухымыз сенің жылуыңмен жылынады. Кеш те болса бір күні келіп сенің гүл бақшаңның мәрмәр тастарының үстінде жалаң аяқ серуендеуді Алладан нәсіп етсін деп тілеймін. Махаббатыңмен, сүйіспеншілігіңмен бүкіл денемді нұрландыр! Сол аяқ киімімді қалдырған жер ең соңғы аялдамам болсын. Әмин!
Дайындаған: Жандос АЙТБАЙ,
«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы
muftyat.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста