АДАМ 21 ЖЫЛ ТЕК ҰЙЫҚТАЙДЫ

АДАМ 21 ЖЫЛ ТЕК ҰЙЫҚТАЙДЫ

Адам баласы үшін уақыттан қымбат ешнәрсе жоқ. Әттең, осыны білмейміз әрі сезінбейміз. Адам баласының ғұмыры қамшының сабындай қысқа. Ең ұзақ өмір сүрген Нұқ (Оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарға өлім періштесі келіп:

«Дүние қандай екен?» деп сұрағанда, ол: «Дүние екі есігі бар үй сияқты екен, бір есігінен кіресің де, екіншісінен шығып жүре бересің»,- деп жауап беріпті. Адам егер де 63 жыл өмір сүріп, күніне 8 сағат жұмыс істесе, барлық сүрген өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен. Тəулігіне 8 сағат ұйықтаса, 21 жылы ұйқымен өтеді. 6 жылы тамақ ішуге, 5 жылы анда-мұнда сапарларға, 1 жылы телефонмен сөйлесуге кететін көрінеді.

Ибн Аббас (Оған Алланың сәлемі болсын) жеткізген мына бір хадисте: «Алланың нығметтерінің ішінде екі нəрсенің қадірін көп адамдар білмейді, ол - денсаулық пен уақыт», - десе, ардақты сахаба Абдуллаһ ибн Мəсғуд (Оған Алланың сәлемі болсын): «Өкініштен өзегімді өртейтін нəрсе босқа өткен уақыттарым»,- деген екен. Сол сияқты Муаз ибн Жəбəлден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игіліг мен сәлемі болсын): «Қиямет күні төрт нəрседен сұралмайынша құлдың екі аяғы қозғалмайды: уақытын қалай жұмсады, жастық шағын қалай өткізді, мал-дүниені қайдан тапты, қайда жұмсады, біліміне қандай амал жасады» дейді. Осыдан-ақ уақыттың қаншалықты маңызды екенін бағамдай беріңіз.

Ал, ағайын, біз уақытымызды қалай өткізіп жүрміз? Дүние дөңгеленіп, ақпарат көзі жедел дамыған мына заманда шетелдік идеология тасқыны адамдарды ойландырмайтын болды. Əсіресе, теледидар атаулы халықты ұзынсонар телехикаяларымен алдарқатуда.

Қазір Қазақстанның кез келген шағын кенттері мен қарапайым ауылдарына барсаңыз да, үйінің төбесінде немесе ауласында қалқиып көлемі қара қазандай дөңгелек табақтар тұр. Ол арқылы ғаламның əлем-жəлемін үйіңіздегі теледидардан көресіз. Күллі қазақстандықтар һəм қазақтардың өмірі түрік, кəріс телехикаяларын тамашалаумен өтуде. Адамдар бір күнде ең кемі екі немесе үш сериал көреді. Əрбірі 80-90 минуттан. Енді есептейік. Екеуіне тұп- тура 3 сағат уақытыңыз кетеді. Аптасына 21 сағатты кино көрумен өткізеді екенсіз. Бір жылда 48-50 күнді тек телехикаялар көруге жұмсайсыз.

Ал, енді оны көргеннен не ұттыңыз? Түк те пайдасы жоқ. Əншейін босқа өткен қайран уақыт. Ақылды адам өзін кино көріп алдартқанша ақиретке пайдасы бар амалдармен шұғылданар еді. Намазын уақтылы оқып, Құранның аяттарын жаттап, бала-шағасының несібесі үшін пайдалы еңбек етер еді. Ауырып-сырқаған ағайын-жекжаттың көңілін сұрауға барар еді…

Баянсыз, бос өткен уақыттың ақиретте сөзсіз сұрауы болмақ. Бірде патшаға нөкерлері бір адамды ертіп əкеледі. Бұл кісінің ерекшелігі аса епті екен. Үлкен тебен инені алты аттам жерге шаншып қойып, қолындағы жіпті лақтырғанда əлгі иненің көзінен өткізіп жібереді екен. Патша мұны көріп қайран қалады да шеберден:

«Осы істі үйрену үшін қанша жылыңды жұмсадың?» деп сұрайды.

Шебер:

«Қырық жыл уақытым кетті» дейді.

Хан айтады:

«Мына адамға 40 ділдə алтын беріңдер, оған қоса аямай 40 дүре соғыңдар»,- депті.

Шебер:

«Хан ием, 40 дүре соғатындай қандай айыбым бар, түсінсем бұйырмасын…»,- дейді.

Сонда патша былай депті:

«40 алтын ділдəні жіпті тебеннен өткізгенің үшін, 40 дүре ешқандай пайдасыз іспен айналысып қырық жыл ғұмырыңды босқа өткізгеніңнің жазасы»,- депті.

Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, шынында тебен инеге алты аттам жерден жіп лақтырып көзінен өткізгеннің халық үшін қандай пайдасы болуы мүмкін? Телехикаялар да сол сияқты пайдасыз əрі мазмұны төмен, тəрбиелік мəні нашар дүниелер.

Уақыттың да есебі алынатын күн келерін ұмытпайықшы, ағайын!

 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста