«Адам сүйгенімен бірге!»

«Адам сүйгенімен бірге!»

Әлдекімді, не әлденені сүю дегеніңізде, қаншалықты мейірім мен күшті махаббат жатыр. Оған баршаңыздың дауыңыз жоқ шығар. Бірақ та ол нендей мейірім, қандай махаббат болуға керек. Оның өзі неден, һәм қайдан бастау алуы тиіс. Осылар бізді ойландыруы қажет-ақ.

Шынтуайтында, бар мейірім мен күллі махаббат тек Алла Тағаладан тамыр тартып, сүйікті Пайғамбарымызбен (с.а.с.) жалғасуы ләзім. Немесе «Сен (с.ғ.с.) болмағанда, мына әлем жаратылмас еді» тәмсілін негізге алайық. Бір сөзбен айтқанда, әуелі Құдіретті Алланы, сосын оның ерекше сүйген құлы – Пайғамбарымызды бар жүрегімізбен өліп-өшіп сүю, тек соны ғана сүю.

Сүйікті Пайғамбарымызды (с.а.с.) сүюдің ерекше ерен үлгісін ең алғаш сахабалар жасап кетіпті. Олардың ең үлкен қазыналары Алла елшісіне (с.а.с.) деген махаббаттарын үнемі арттыруға негізделетін-ді.Нақтырақ айтқанда, дәл солардыңкіндей Пайғамбарымызға деген алабөтен махаббаттың өзі болмағантұғын. Сондықтан, олардың Пайғамбарымызға деген махаббатты теңдессіз еді. Кейінгі ғасырлардың барлығында мұндай махаббатты кездістірмесіңіз әбден анық.

Осы орайда Әнәстің (р.а.) мына сөзін келтіріп кетсек болар:

- Исламға кіру нығметінен кейін бізді еш нәрсе Алла елішісінің: «Күмән жоқ, сен сүйгеніңмен бірге боласың», - деген сүйінші хабарындай қуантқан емес. Мен де, мінеки, Алланы, оның Елшісін, Әбу Бәкірді және Омарды жақсы көремін. Олардың істегендерін істей алсам да, олармен бірге болуды қалаймын.

Осындай ұлы махаббат оларға әрбір демінде Алла елшісінің ізімен жүруге дем беріп отырды. Әсіресе, мүминдердің аналарының бойында Оның (с.а.с.) ахлағының алған қаншама берекелі қасиеттері бар. Сол себепті Оны сүю Жаратушы Иені сүю болып табылады. Өз кезегінде бұл «Адам сүйгенімен бірге!» болады дегенге толық саяды. Олай болса, ақыретте сүйікті Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге болуды жазсын дейік!..

Ғ. ТАСҚҰЛ 

mazhab.kz/kk/maqalalar/arturli/adam-suigenimen-birge-1106/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста