Адам тағдыры құрсаққа біткен 120-шы күні жазылады

Адам тағдыры құрсаққа біткен 120-шы күні жазылады

Ұрпақ тәрбиесі өте үлкен жауапкершілікті, сарқылмас қажыр-кайратты, баласына арналған ыстық махаббатты талап етеді. Ислам дінімен байланысын тереңге жайған казақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі заңдары, қағидалары талай ғасырлар бойына калыптасқан. Дана халқымыз ұрпақ тәрбиесінің ұлт қалыптастырудағы маңызын терең түсіне білген. Ұлы батыр, қызы ибалы болып өскен қазақ халқы мың жылдық қырғында да ұлттығын, асыл қасиеттерін жоғалтпаған. Бұл да бір кең сайын дала төсіндегі қазақ халқының ерекше қасиеті болса керек. Іште жатқан сәбиге рухани тәрбие беру оның туғаннан кейін сәби үшін аса маңызды болатынын бүгінгі ғылым толықтай дәлелдеді.

Барлық мүшелері енді-енді калыптасып келе жатқан ұрық үшін құрсақ ішіндегі тәрбие оның толыққанды адам болып калыптасу жолындағы тәрбиенің ең алғашқы сатысы болмақ. Құран мен хадиске ата-бабаларымыз тегін жүгінбеген екен. Адамның қалай пайда болатынынан бастап, құрсақтағы, құндақтағы тәрбие жайлы толық білу Қасиетті Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерін арқау етуінің арқасында екен. Құран – бұл дүние өзінің соңына жеткенше жасайтын, күллі адамзат үшін өмірдің барлық салаларында ең жоғары дәрежелі кемел заң үлгісі болатын хақ кітап. Аллаһ тағаланың ғажайып жаратылысының бірі – адам баласының кұрсақта дамуы. XIV ғасыр бұрын Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мәлім болған жайттарды ғылым ХХ-шы ғасырда ғана дәлелдей алды. Алдыңғы қатарлы ғылыми технологияның көмегімен ашылған әрбір жаңалықтар Құранды тағы бір сатыға көтеріп, жаңартуда. «Құран – Исламның ақырзаманға дейінгі ғажайып дәлелі»– деген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадисінде.

Сондықтан да ғылым дамыған сайын Ислам да, .Құран Кәрім де қарыштап дамиды. Құран Кәрім эмбриолог ғалымдарды да қатты таңғалдырып келеді. Ғалымдар ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан жетістіктері Құранда XIV ғасыр бұрын жазылып қойғандығын естіп-білгенде еріксіз таңғалып, талай ғалымдар Ислам дінін қабылдаған. «Расында, Біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын Оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған жасушаға), сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа). Сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ – ең керемет жасаушы» («Муминун» сүресі, 12-14 аят-тар).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан кейін кесек ет болады. Осыдан кейін ана құрсағындағы балаға жүз жиырма күннен кейін періште жіберіледі де, ол балаға төрт нәрсені белгілейді: ризығын, қанша өмір сүретінін, не амал істейтіні және бақытты, не бақытсыз болатынын». Ғалымдар баланың 120 күннен кейін барып ойлау қабілеті пайда болатынын, яғни бойына жан бітетінін айтып отыр. Бұл жерде баланың өмірі, оған берілетін тәрбие, көрсетілетін қамқорлық ол дүниеге келгеннен басталады деген қате түсінік. Баланың өмірі аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан басталады. Олай болу себебі, өйткені бұл жасушалардың қосылуының өзі аса зор құдірет Иесі, он сегіз мың ғаламның Жаратушысы Аллаһ тағаланың қалауымен болады.

 

 

Қуантқан ЖАБАҒИН

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста