«АДАМДАРДАН ҚОРЫҚПАҢДАР, МЕНЕН ҚОРҚЫҢДАР.» (Мәйда сүресі, 44 аят)
Алладан қорыққан адамға Алла Тағала шығу жолын нәсіп етеді, күтпеген жерден ризығын жібереді. Алладан қорқу &ndash мәңгі бақытқа қауыштыратын үлкен нығмет. Аяти Карималарда былай делінеді:
«Раббынан қорққан адамға екі жәннат бар.» (Рахман сүресі, 46 аят)
«Алладан қорыққан адам үгіт-насихат қабыл етеді.» (Ә'ла сүресі, 10 аят)
«Тек менен ғана қорқыңдар.» (Бақара сүресі, 40 аят)
«Адамдардан қорқпаңдар, менен қорқыңдар.» (Мәйда сүресі, 44 аят)
Егер иман келтірген болсаңдар, олардан (дұшпандардан) емес, менен қорқыңдар»(Али Имран сүресі, 175 аят)
Хадис шәрифтерде де былай делінген:
«Алладан қорққанынан жүрегі дірілдеген адамның ағаштан жапырақтар төгілгендей күнәлары төгіледі.» (Бәйһақи)
Алладан қорқу иманның шарттарынан. Хадис шәрифтерде айтылғанындай:
«Иман &ndash Алланы және Оның Елшісін (с.ғ.с) бәрінен қатты жақсы көру деген сөз.» (И.Ахмед)
«Алла мен Оның Елшісін (с.ғ.с)  бәрінен де қатты жақсы көрмегенше иман келтірілген болып саналмайды.» (Бұхари)
«Алладан дұрыстап қорққандарыңда надандықсыз білімге қол жеткізер едіңдер.» (Ибн Сүнни)