Адамның инструкциясы – Қасиетті Құран

Адамның инструкциясы – Қасиетті Құран

Адам үйіне қандай да бір жиһаз не техника алатын болса, оның жанында міндетті түрде нұсқауы, яғни инструкциясы болады. Ол алған дүниесінің қалай қолданылуын содан үйренеді. Егер нұсқауы бойынша жүрмесе, алған дүниесі дұрыс істемеуі мүмкін, кейде тіпті жанып кетіп те жатады. Сол себепті, қандай да бір нәрсе жасалғанда оның жанында міндетті түрде инструкциясы да қоса жазылады. Демек, адам да солай. Адамды жаратқан Алла оның инструкциясын да қоса жазған. Адамның инструкциясы – Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың хадистері. Біз осы екеуін басшылыққа ала отырып жасаймыз, яғни осы екі нұсқау бойынша өмір сүреміз. Әйтпесе, нұсқаусыз қолданылған техниканың істен шыққаны секілді, адам да тура жолдан таяды. Не жиһазымыз жанып кеткендей, адам да отқа орануы мүмкін. Сол себепті, біз де Алланың инструкциясымен жүргеніміз жөн. Мұсылман болып жаратылғандықтан мұсылманшылыққа сай өмір сүруіміз керек.
Бірде бір христиан попы мен мұсылман имамы әңгімелесіп отырып, бір-бірінен күніне қанша рет құлшылық қылатындарын сұрасыпты. Христиан айтыпты: «Біз жексенбі сайын шіркеуге жиналып аптада бір рет құлшылық қыламыз», – депті. Кезек мұсылманға келгенде: «Біз күніне 24 сағат құлшылық қыламыз», – депті. Әзілдеп тұр ма дегендей поп сеніңкіремепті. «Сонда ұйықтамайсыңдар ма, тамақ жемейсіңдер ме, дәретханаға бармайсыңдар ма?», – деп сұрапты әзілдеп тұр ма дегендей. Мұсылман: «Біз сіз айтқандарыңыздың бәрін істейміз, тек Пайғамбарымыз үйреткендей істейміз. Ұйықтасақ, Пайғамбарымыз үйреткен дұғаны оқып ұйықтаймыз. Ол бізге «ұйықтады» деп емес, «құлшылық қылды» деп жазылады. Тамақ ішсек, Пайғамбарымыз үйреткендей ішеміз, ол да бізге «тамақ ішті» деп емес, құлшылық болып жазылады, сауап болады», – деген екен. Демек, сіз бен біз де тәулігіміздің 24 сағатын құлшылыққа айналдыра алады екенбіз. Сол себепті, сіздерге «24 сағат құлшылықтың» инструкциясын ұсынбақшымыз. Яғни, адамның таңертең тұрғаннан кеш батқанға дейінгі күнделікті дұғаларды жазбақпыз. Ендеше, әуелі ұйқыдан оянған сәттен бастайық.
Ұйқыдан оянғанда әр мұсылманның оқитын дұғасы мынау болуы тиіс: «Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаға мақтау-мадақ, шүкірлер болсын! Баршамыз Алланың құзырына қайтамыз». Оқылуы: «Әлхамдулилләһи әлләзи ахяна ба’да мә әмәтәнә уә иләиһин-нушур».
Дінімізде «ұйқы – кіші өлім» саналады. Алла Тағала адам ұйқыға кеткен кезде рухын өз тарапына алады. Одан кейін Құран аятынан білетініміздей, қалағанын қайтарады, қалағанын ұстап қалады. Оны ұйқыдан оянбай қалып жататындардан да көріп жатамыз. «Адамнан жан шығарда оны Алла алады. Өлмегендердің жанын ұйқыда жатқанда алады: демек, кім өлімге бұйырылса, оның жанын ұстап қалады да (жанын алады да), басқаларының жандарын белгіленген уақытқа дейін (ажалдары жеткенге дейін) қоя береді. Ойлы адам үшін мұнда көп ғаламат бар», – дейді Алла Құран Кәрімде (Зумар сүресі, 42-аят).
Міне, сол себепті де, мұсылман таңертең аман-есен көзін ашқанына, жанының кеудесіне аман қайтып келгенін шүкір айтып, Алланы мадақтауы тиіс. Бұл күніміздің берекелі басталуына себеп болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста