Адамның өмірін жақсартуға жеткілікті болған 4 хадис

Адамның өмірін жақсартуға жеткілікті болған 4 хадис

Атақты хадис білгірі Әбу Дәуд (р.а) былай дейді:

«Мен Алла Елшісінен (ﷺ) бес жүз мың хадис жазып алдым. Өз кітабыма соның ішінен тек 4800-ін ғана енгіздім. Алайда, адамның дінінің көркем, өмірінің шырайлы болуы үшін осы 4 хадиске амал етуі жеткілікті. Олар:

1. «Амалдар ниетке байланысты...»

Шын мәнінде, бұл хадис Исламның іргетасы саналатын зор мәні бар хадистердің қатарына жатады. Себебі, кез келген құлшылықтың, амалдың қабыл болуының негізгі шарты – ниеттің дұрыс болуында. Егер біреу ізгі іс істемек болып ниеттенгенімен, оны ауру, өлім, т.с.с. кедергілердің кесірінен жасай алмай қалса, ол адамға бәрібір жасағанындай сауап жазылады. Әл-Байдауи:

«Іс-амал ниетсіз дұрыс болмайды, өйткені амалға аспаған ниетке сауап жазылады, ал ниетсіз істелген іс босқа кетеді», - деген.

2. «Өзіне қатысы жоқ нәрсені тастау адамның дінінің кемелдігін көрсетеді» (Тирмизи)

Хасан Басри: «Адамды өзіне қатысы жоқ нәрсемен алдандырып қою – Алла Тағаланың оны тастап қойғандығының белгісі», - деген. Шынында да, өзіңе қатысы жоқ дүниенің қайтарымы мен қайыры болмайды. Бұл хадистің мағынасы, Абай айтқандай, «Сыпайы жүр де, шаруа ойла, даңғойланып қақтықпа» - дегенге саяды.

3. «Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді» (Бұхари, Муслим)

Адамның өзгелерге мейіріммен қарап, өзіне қалағанды бауырына да қалауы – оның тақуалығының көрсеткіші. Себебі, ғалымдар Құдайдан қорқу мен мұсылмандарға деген жек көрушіліктің бір жүректе болмайтынын айтқан.

4. Расында, рұқсат етілген нәрселер - анық және тыйым салынған нәрселер - анық, ал осы екеуінің арасында көп адамдар біле бермейтін күмәнді нәрселер бар. Күмәнді нәрселерден сақтанғандар, діні үшін және абыройы үшін одан өзін тазартады... Расында, адамның денесінде жұдырықтай ет бар, егер ол жақсы болса, онда оның бүкіл денесі жақсы болғаны, ал егер ол жарамсыз күйге келсе, онда ол бүкіл денені бүлдіреді, расында, ол (ет) – жүрек. (Бұхари, Муслим)

Саған күмән келтіретінді таста да, күмәнсіз нәрселерге ұмтыл, расында шындық ол - тыныштық та, ал өтірік - ол күмән. (Тирмизи)

Бұл дегеніміз - рұқсат етілген нәрселерден саған күмән келтіретінінен басыңды тарт та, көңіліңе күмән туғызбайтынына ұмтыл деген сөз.
Барлық құқықтары қорғалған.

Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

 ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста