Аяғы ауыр әйелді ер кісі босандыруға бола ма?

Аяғы ауыр әйелді ер кісі босандыруға бола ма?

Негізі шариғатта бөгде әйелдің беті мен екі алақанынан басқа бүкіл денесі әурет саналады. Бөгде адамдарға беті мен алақанынан басқа жеріне қарау харам. Тек зәру кезінде дәрігер, акушерка, ине егушілерге ғана рұқсат етіледі. Олардың өзі зәрулік аясынан шықпайды.

Егер науқас әйел болса, мүмкіндігінше дәрігер де әйел болуы керек. Өйткені әйелдің әйелге қарауы үкім жағынан жеңіл. Ал, мүмкіндік болмаса әрі дәрігер әйелдің әуретіне қарамасқа болмайтын болса, онда жарақат орнынан басқа дене мүшелерін жауып, емдейтін жеріне қарап басқа жерінен шамасы келгенше көзін тыяды. Сол сияқты әйел де босанып жатқан әйелдің мүшесіне қарағанда осылай істейді. Себебі, зәрулікпен бекітіл-ген нәрсе белгілі мөлшерімен ғана мөлшерленеді.

Бөгде адамның әуретіне қарамаудың негізгі дәлелі мынау: Алла Тағала Құранда былай дейді:

«(Мұхаммед, Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын». Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын» («Нұр» сүресі, 30-31-аяттар). Ал, зәру жағдайда «Зәрулік туғанда тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі» деген қағидаға сүйенеді. Мұндай жағдайда өлексені жеуге рұқсат еткен. Сондықтан зәрулік жағдайлар тыйым салған үкім құрамынан шығарылады.

Алла Тағала Құранда былай дейді:

«Сендерге дінде қиындық еткен емес» («Хаж» сүресі, 78-аят). Тағы бір аятта былай дейді: «Алла Тағала кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді» («Бақара» сүресі, 286-аят). Бұл мәселедегі зәрулік адамның опат болып кететін жағдайында ғана бекітіледі дегенмен шектелмейді. Бәлкім, өлімге жақын нәрселерді де қамтиды. Яғни, аурудың әлсіреп қалуы немесе ауруы асқынып кету қаупі бар дегенді қаперіне алады. Демек, бала босану да зәру жағдайға кіреді. Себебі, бұл жүкті әйел мен жарық дүниеге шыр етіп келейін деп жатқан баланың өмірін сақтап қалу үшін білікті дәрігерді талап ететін өте нәзік амал. Өйткені толғағы келмей жатып босануы жеңіл бола ма, әлде, екіқабат әйелдің өміріне қауіп төнетіндей ауыр бола ма белгісіз. Сол үшін мұндай іске білікті дәрігер қажет. Сондықтан екіқабат әйелді босандыру үшін бірінші мұсылман әрі білікті әйел дәрігерді таңдауы тиіс. Олай болмаса басқа дін өкілі болса да сенімді, тәжірибелі әйел кісіге жүгіну керек. Ал олар табылмаған жағдайда ғана сенімді мұсылман ер кісіге, ол табылмаса соңынан өзге дін өкілінің ер адамына жүгінеді. Бірақ ер кісі емдеп жатқан кезде міндетті түрде әйелдің махрамы (туыстары) немесе сенімді адамдары болуы керек.

fatua.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста