АЯТ ДЕГЕН НЕ?

АЯТ ДЕГЕН НЕ?

Араб тілінде "аят" сөзінің "муғжиза", "белгі", "дәлел", "ғибрат", «таңғажайып іс" және «жамағат"деген мағыналары бар.[1] Оның қай мағынада келгендігін сөйлемдегі қолданылуына қарай ажыратуға болады.

 

Осы мағыналардың барлығы Құран Кәрімде келген. Ал діни термин ретінде "аят" сөзі «Құран сүресінің құрамына кірген Алла сөзінің бір сөйлемі"[2] деген мағынада қолданылады.

 

"Аят" сөзінің терминдік мағынасы мен тілдік мағыналарының арасында тығыз байланыс бар. Мысалы, аят басқа аяттармен бірге муғжиза. Яғни Мұхаммед пайғамбарға муғжиза етіп түсірілген Құран Кәрім кітабының бір бөлшегі.

 

Сосын аят &ndash Мұхаммед пайғамбардың (ﷺ) алып келген хабарларының растығының белгісі. Құран аяттары көптеген ғибраттарға тола. Ол тілдік құрылымы, мағыналық үйлесімдігі жағынан таңғажайып дүние. Аят сөздер мен әріптерден тұратындықтан бейне бір жамағат іспеттес.

 

Құран аяттарында тура жолдың, білімнің, Алланың даналығы мен Мұхаммед пайғамбардың растығының дәлелдері бар.   Құран Кәрім кітабында қанша аят бар? Барлық ғалымдар Құран Кәрімде алты мың екі жүзден астам аят барын айтады. Бірақ алты мың екі жүзден қанша артық деген сұраққа нақты жауап жоқ.

 

Өйткені ғалымдар кейбір сүре басында келген хуруф муқаттағ, яғни әріптер жинағын аят деп есептеу я есептемеуге байланысты ортақ пікірде емес және кейбір ғалымдар бір аятты екі аят деп есептеген. Бұл мәселер туралы арнайы кітаптарда кеңінен талданады.

 

Бірақ аяттардың саны өзгергенмен олардың өзі өзгермейді. Мысалы, "Бақара" сүресінің басындағы "ӘлифЛәмМим" әріптерін жеке аят немесе келесі аятпен бірге бір аят деп есептелгеніне қарамастан, ол әріптер міндетті түрде жазылады және оқылады.

 

Ғалымдардың бұл мәселеде ортақ пікірде болмауы Алла елшісінің (ﷺ) Құран оқыған кезде тоқтауына байланысты туындаған. Өйткені Алла елшісі (ﷺ) Құран оқыған кезде екі аятты мағыналары ұштасып жататындықтан кейде қосып оқитын, сол секілді мағына аяқталған кезде бір аятты екіге немесе үшке бөліп оқитын.

 

Құрандағы ең ұзын және ең қысқа аят "Бақара" сүресінің 282-аяты &ndash Құрандағы ең ұзын аят. Ол аятты "қарыз аяты" деп те айтады. Ол аятта адамдар арасында қарыз алу мен берудің үкімдері қамтылғандықтан, осылай аталып кеткен.

 

Ал "ЙәСин" сүресінің бірінші аяты, яғни "ЙәСин" аяты Құрандағы ең қысқа аят болып есептеледі.[3]

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста