ӘЙЕЛ АДАМ МАРҚҰМДАРҒА ҚҰРАН ОҚЫП БАҒЫШТАЙ АЛА МА?

ӘЙЕЛ АДАМ МАРҚҰМДАРҒА ҚҰРАН ОҚЫП БАҒЫШТАЙ АЛА МА?

Исламда қайтыс болған кісілерге Құран оқып бағыштау міндеттелмеген, бірақ, мұсылман қауымы әсіресе, қазақ халқында өмірден озған ата-бабасына, әке-шешесі мен ағайын-туысына Құран бағыштау, оларға Алладан жарылқау тілеу әдеті сақталған. Бұл – қайырлы іс.

 

Өйткені Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір күні сахабалардың арасында тұрып:  «Адам баласы қайтыс болған кезде, оның барлық амалы тоқтайды. Тек үш амалы ғана  жалғасып тұрады» — дейді.

 

Сонда сахабалар:

 

  — Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.), ол не қылған үш амал? — деп сұрайды.  Пайғамбар (с.ғ.с.):

 

 — «Садақатун джариятун» (жүріп тұратын садақа), «илмун июнтафағу биһи» (пайдалы білім) және «иятрук уәләдән солихан ядғу ләһу» (өзіне дұға қылатын салихалы ұрпақ), — дейді (Бұхари).

 

 Осы сияқты т.б. хадистер бар.

 

Бұдан шығатын түйін, бақилық болған марқұмның артынан Құран оқып, оның жарылқауын тілеп, Аллаға мінәжат етуге рұқсат.  Ал енді марқұмның артынан тек ер адам бағыштасын, әйелге болмайды деген шариғатта талап жоқ.  Әйелдердің арасында да Құранды толық жаттаған қарилар бар. Бірақ, исламда әйелдің дауысы әурет болғандықтан, оның ер азаматтар арасында дауыстап Құран оқуы айып болып саналады. Сондықтан әйел адам басқа әйелдердің арасында немесе өзі отырған уақытта, намаздан кейін құранын оқып марқұмның артынан дұғасын бағыштай береді.

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста