Әйел кісіге айт намазына бару шарт па?
Ханафи мәзхабы бойынша, жұма намазын оқу парыз емес кісілерге айт намазын оқу да міндет емес.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Жұма намазы құл, әйел, жас бала және науқастан өзге мұсылмандарға парыз»[1], - деген. Осы хадисте, әйел кісіге жұма намазына барудың парыз емес екендігі ашық айтылып отыр. Демек, айт намазына да нәзік жандардың барулары шарт емес.
Әйтсе де, мешіттерде арнайы әйелдер үшін намаз оқитын жерлер қарастырылған. Сондықтан да, барам деушілерге шариғи тұрғыда ешқандай әбестік жоқ. Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыздың заманында да әйел кісілер айт намазына баратын[2].
[1] Әбу Дауд сүнені.
[2] Сахих Мүслім - №1479 хадис.
[2] Сахих Мүслім - №1479 хадис.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу