Әйелдер Қадір түнін мешітте өткізсе бола ма?

Әйелдер Қадір түнін мешітте өткізсе бола ма?

Бұл түнді ерлер қауымы секілді әйелдер қауымы да бір Аллаға құлшылық жасаумен өткізеді. Алайда, көпшілікті «әйелдер мешітке барып, Қадір түнін өткізсе бола ма?» дейтін сұрақтың мазалайтыны анық.

Дініміз әйелдерді мешітке барудан тыймайды. Алайда, әйелдің құлшылық жасайтын абзал орны – үйі. Тіпті, хадисте әйел адам үшін үйде оқылған намаздың 27 есе артық екендігі айтылған.

Бірде Умм Хумайд (оған Алла разы болсын): «Уа, Алла Елшісі, мен сенің артыңда ұйып намаз оқығым келеді», - дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған бұл – мәлім жайт, алайда, үйіңнің оңаша бұрышында оқыған намазың - жабық бөлмеде оқыған намазыңнан, ал жабық бөлмеде оқыған намазың - аулаңда оқыған намазыңнан жақсы. Өз аулаңда оқыған намазың – жақын маңдағы мешітте оқыған намазыңнан артық...» - деген (Ахмад).

Тағы бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдердің ең жақсысы – өз үйлерін мешіт етіп алғандары», - деген (Ахмад).

Ал ерекше жағдайдағы (үзірлі) әйелдер бұл түні Құран да, намаз да оқи алмайды. Есесіне, олардың мұсылманның қаруы мен қалқаны болған дұға жасауға мүмкіндіктері бар! Олар намаз оқымағанмен, «Субханалллаһ», «Әлхамдулилләһ», «Аллаһу Әкбар» деген секілді зікірлер мен «Астағфируллаһ» деп Алладан кешірім тілеп отыруларына болады.

Қадір түнінде мына дұғаны айтқан жөн: «Иә, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Ендеше, мені кешіре гөр!” Аллаһуммә иннәкә ъафу-ун тухиббул-ъафуә, фәъфу ъанни (Тирмизи).

kaz.caravan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста