Әйелім тапқан ақшадан садақа беруіме бола ма?

Әйелім тапқан ақшадан садақа беруіме бола ма?

Игі істер  тек садақа берумен, материалдық көмек көрсетумен шектелмейді. Жомарттық көрсетудің басқа да жолдары бар.

 

Мұраға, бағалы сыйлықтарға ие болған немесе өз еңбегімен нисаб көлемінде қаражат тапқан әйел заты зекет пен пітір-садақа беріп, құрбан шалып, мүмкіндігі болса қажылыққа баруы тиіс.

 

Мұсылман әйел жақсы істерге келгенде ерікті. Өз қаражатын қалауына қарай жұмсай алады. Егер жұбайының жағдайы төмен болса, өз меншігіндегі мүлкін ерінің пайдасына, балалары мен туысқандарының қажеттіліктеріне жаратқаны абзал.

 

Ал жеке жиған-тергені жоқ әйел адамдар ерінің дүние-мүлкін сақтауға толықтай жауапты болады. Ерінің қаражатын жұмсау үшін жұбайы одан рұқсат сұрауға тиісті. Әйел адамның өз ерінің мүлкінен берген садақасының сауабы ерлі-зайыптылардың екеуіне де жазылады. Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) : «Егер әйел адам ақылға қонымды шекте  ерінің қаражатынан садақа берсе немесе тамақ таратса сауапқа ие болады. Бұл жақсы ісі үшін осы қаражатты тапқан еріне де сауап жазылады. Біреудің сауабы басқаларды төмендетпейді» - деген.

 

Бірде Әбу Бәкірдің қызы Асма Алла елшісіне келіп: «О, Алланың елшісі! Менің материалдық қаражатым жоқ. Бірақ үйде менің жұбайым Зубайр тапқан ақша бар. Менің сол ақшадан садақа беруіме бола ма?» - деп сұрайды. Алла елшісі (ﷺ) : «Өз шамаңа қарай өз мүлкіңнен немесе еріңнің рұқсатымен оның мүлкінен садақа бер! Алла саған деген мейірімінде сараңдық қылмас үшін, сенде сараңдық қылма»-деген екен.

 

Сондай-ақ Алла елшісі (ﷺ) : «О, мұсылман әйелдері! Көршілеріңізге жасауға болатын кішігірім көмекті де ешқайсыларың аз деп санамаңдар.  Үстелдеріңде қойдың бір жілігі ғана болса да бір-біріңе дәм татқызыңдар»-деген.

 

Бірде Айша анамыз Алла елшісінен (ﷺ) көршілердің ең алдымен қайсына садақа беру керектігін сұрайды. Алла елшісі (ﷺ) : «Кімнің есігі саған жақын болса содан баста»-деп жауап берген.

 

Пайғамбарымыз (ﷺ) : «Садақа &mdash адамды осы дүниеде түрлі бәлелерден және мәңгілік өмірде тозақ отынан қорғайтын қалқан»-десе, арнайы әйел затына қарата оларды тозақтан құтқару үшін: «О, мұсылман әйелдері! Әшекейлеріңді жұмсауға тура келсе де көбірек садақа беріңдер! Және үнемі Алладан өз күнәларың үшін кешірім сұраңдар»-деген.

 

Бірде Пайғамбарымызға қызын ерткен бір әйел келеді. Қызының қолында алтын білезігі бар екен. Сонда Алла елшісі (ﷺ) : «Әшекейлеріңнен зекет төледіңдер ме?»- деп сұрайды. Әлгі әйел зекет бермегенін айтқанда Алла елшісі (ﷺ) :  «Ал Қиямет күні Алла Тағала  сенің қолдарыңа отты білезік тақса ұнай ма?»-деп сұрайды. Әлгі әйел сол сәтте қызының қолындағы білезікті шешіп алып: «Бұл Алла Тағала мен Оның елшісінің жолындағы садақам»-деген екен.

 

 

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста