Әйеліне айтпай тоқал алуға бола ма? Имам не дейді

Әйеліне айтпай тоқал алуға бола ма? Имам не дейді

Еркек әйеліне айтпай, рұқсатын алмастан тоқал алуына болады ма? Көптің көкейінде жүрген бұл сауалға қазнет жұлдызына айналған танымал имам Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы дін өкілі әлеуметтік желі парақшасындағы тікелей эфир кезінде айтты. Оның видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

 

Имамның пікірінше, еркек әйеліне ескертпей тоқал алуына болады. Бірақ оның соңы жақсылыққа әкелмейді.

 

Болады, бірақ әйелің білген соң шпагатқа отырғызады. Отбасың бұзылады, әйелің жылайды. Балаларың көшеде қаңғып қалады. Содан кейін өзіңнің тағдырың быт-шыт болады. Сүмірейіп қайтып келесің. Шамаң жете ме, басын ашып ал, — деді имам.

 

Ал егер еркектің әйеліне айтуға шамасы жетпесе, сау басына сақина тілеудің қажеті жоқ.

 

Шамаң жетпей ме, сол әйеліңнің қасы жақсы, жылы, жұмсақ. Сол жерде отыра бер. Бір басыңа екі проблема іздемей, бар нәрсемен бақытты бол, — деді ол.

 

 

Қажының бұл жауабына риза болған желі қолданушыларының басым көпшілігі тоқал түгілі, заңды әйелі мен балаларын бағу қиындап кеткенін алға тартты.

 

"Қазіргі кезде тоқал түгілі, қатынын бағып алсын алдымен", "Нәпсісін тыя алмай жүргендер әйеліңнің, балаларының күнәсі үшін сұраласың", "Бір басыңа екі проблеманы неғыласың? Өте дұрыс айтылған", "Ащы шындық", "Тоқал алу үшін бәйбшеден рұқсат керек қой", "Мына заманда тоқалдың не қажеті бар?", "Керемет айттыңыз ғой", "Шпагатқа отырғызады" дей ме? Мықты айтады" деп жазды желі қолданушылары.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста