Әйеліңізді бақытты ету үшін…

Әйеліңізді бақытты ету үшін…

Халқымызда «Еркек - үйдің егесі, әйел - үйдің шегесі» дейтін сөз бар. Мұндағы мәністелген мағына олар бір-біріне тірек бола отырып, толыққанды отбасыны құрайды деген сөз. Өз кезегінде шаңырақ көтеріп, отбасының іргетасын қалау - қай қоғамда болмасын басты құндылық саналған. Сондықтан, әр отбасыны берік ұстап, оның бақытты болуы үшін бәзбір қағидаттарды орындау ләзім болмақ. Ол нендей қағидаттар дегенге келсек, шариғат үкімдеріне мүлде қайшы келмейтін кейбір ұстанымдар. Яғни, әйеліңізді бақытты етуге қажетті кеңестер. Ендеше осынау ұстаным-кеңестердіер адамның біле жүргуі үшін артық болмас деп таратыңқырап көргенді жөн таптық.

 

- Әйеліңіз қашанда жаныңызда өзін қауіпсіз сезінсін.

- Үйіңізге кіргенде де, шыққанда да әйеліңізге «Ассалямуалейкум» деп амандасуды ғадетке айналдырыңыз. Сонда ол үйге шайтан жоламайтын болады, ал шайтан болмаған үйде бақытты болуларыңызға кішігірім ешбір нәрсе кедергі бола қоймайды.

- Әйел жаратылысынан нәзік болғандықтан, оны анағұрлым аялауға бейіл болыңыз. Онымен қарым-қатынаста өзіңізді барынша қадағалаңыз.

- Әйеліңізге кеңесті оңашада әрі өте жұмсақ айтыңыз. Оның кемшіліктерін жұрт алдында ауызға алудан абай болыңыз.

- Әйеліңізге жомарттықты сәйкесінше көрсетіп, сараңдығыңызды байқатпауға тырысыңыз.Қайткенде де «Кең болсаң, кем болмайсын» деген сөз бар ғой.

- Не жағдай болса да сабырмен шешіп, ақылға салуды ұмытпағайсыз. «Ашу– дұшпан, ақыл – дос».

- Әйеліңізбен қарым-қатынаста әсте қаттылық танытпаңыз, һәм тым жұмсақтық та болмайды. Оны жағдайдың ретіне қарай салмақтап алған жөн болар. Жалпы қаттылықтың өзі жүрегіңізді Алладан алшақтатады.

- Әйеліңізді тыңдай да, оның пікірін қабылдай да біліңіз. Оны аз-кем мақтасаңыз артыө етпейді. Өйткені әйел адам не істесе де, оны сіз үшін және балалары үшін істейді. Оның еңбегін бағалап, қадірін білуіңіз тиіс.

- Әйеліңізге ең жақсы, ең әдемі әрі өзіне ұнайтын есімдерімен айтуды үйреніңіз. Бұлар екеуіңіздің араңыздағы қарым-қатынасты одан да ары жақындатып, бір-бірлеріңізге деген мейірімдеріңізді күшейтеді. Одан бөлек, оған тосын сыйлар жасап,күтпеген жағдайда қуантып тұруды ұмытпаңыз.

- Әйеліңіздің ата-анасын, бауырларын, туған-туыстарынөз жағыңыздағыларға қалай қарағандай, сондай ерекше қарым-қатынаста болуға, һәмоларды үнемі қолдау отыруға тырысыңыз. Оны өз ата-анасының, бауырларының, туған-туыстарының алдында мақтап, дәрежесін көтеріп те қойыңыз. Одан бір жеріңіз кеміп, не ортайып қалмайды. Бұл сіздің кішілігіңіз бен кісілгіңізді байқатады.

- Әйеліңізбен әсіресе жүкті, хайыз кездерінде сабырлы болыңыз.Оған төсек қарым-қатынасында жақындамастан, шариғаттың өз үкімдеріне міндетті түрде құлақ түріңіз. Бұл Алла Тағаланың әмірі, соның бұйрығы. Оны талқылауға ешқандай құқық жоқ.

- Әйеліңізді көлденең көп көзден қызғаныңыз. Оның сырт кескіне мән беріңіз. Әуретті жерлерінің ашық-шашық болуынан сақтаңыз. Бұл тарапта Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Әйелін қызғанбаған жан Жәннатқа кірмейді», – дегенін ұмытпайық.

- Әйеліңізге үй шаруасында көмектесіп тұрыңыз. Үйдің барлық жауапкершілігі әйелдің нәзік иығында жатыр. Оның шаршауы әбден-ақ мүмкін, сондай кездері түсінетініңізді ұқтырып, кей істерін жеңілдетіңіз.

Осы тұста балаларыңызды тәрбиелеуге де қол ұшын созыңыз.

Әйеліңіз үшін дұға жасаңыз. Тек Алла тағала ғана сіздердің некелеріңізге махаббат пен береке нәсіп ете алады. «Мен жұмысым сыртта», «Менің міндетім отбасымды асырау», «Қаржымен қамтамасыз етсем болды» дегендейін біржақты ойлардан аулақ болыңыз.

- Әйеліңізге ең бастысы, әрі ақырғысы да иманының күзетшісі болып, оның ақыреттік досы ретінде намазға оятыңыз. Діни кез келген мәселеде бір көзқараста болуға тырысыңыз. Бұл өмірде ғана емес, шын өмірде де бірге болуға әманда бейіл танытыңыз. Қашанда бірге дұғада болыңыздар.

Дайындаған Ғалымқұл БІРЛІК 

mazhab.kz/kk/maqalalar/otbasy/aielinizdi-baqytty-etu-ushin-1081/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста