Айт батасы
Бисмилляһи- р-рахман ир рахим
Уә, жаратқан ием құдірет!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет!
Достың көңілін аша көр,
Дұшпанның көңілін баса көр!
Тозақтағы оттан қақ,
Ниеті қара жаттан қақ,
Нөсіп бергей, жоқтан қақ!
Әділдікті бұрғаннан сақта,
Қайырымсыз туғаннан сақта,
Өтпес пышақ, шабан атыңнан сақта,
Көкдауыл шайпау қатыннан сақта!
Қоғамды жеген қастардан сақта,
Шарап құмар мастардан сақта,
Қарт сыйламас жастардан сақта,
Қарны тойып өсірген шақта
Нанды тепкен кесірден сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Татымсыз тұздан сақта,
Ұятсыз қыздан сақта,
Жігіттің аңқауынан сақта,
Жастардың жалқауынан сақта!
Үлкенінде нақыл жоқ,
Кішісінде ақыл жоқ,
Ағайынның бітпес дауынан сақта!
Уа, құдайым!
Ұл берсең білікті қып бер.
Қыз берсең көрікті қып бер,
Келін берсең келісті қын бер.
Мінер ат берсең желісті қып бер,
Ағаш берсең жемісті қып бер!
Төрт түлік мал аулаға толсын,
Арпа, бидай қамбаға толсын.
Ел дәулеті өрлеі берсін,
Жас ұрпақ соғыс көрмей өссін!
Жақсылыққа жанымыз асық болсын,
Е, құдайым оңдасын,
Қызыр келіп қолдасын,
Бас аман, мал түгел боп,
Береке-бірлік орнасын!
Дастарқаның бай болсын,
Пейілің соған сай болсын.
Үй ішінде ұйым болсын,
Үйіңде кұнде жиын болсын.
Биік болып мәртебең,
Топ ішінде сыйың болсын,
Луызбірлік мықты боп,
Жаман жолдан тыйым болсын.
Хан сарайындай үйің болсын,
Қонақ күтер күйің болсын,
Осының бәріне жеткізер,
Қабыл болсын Ораза айт!
Аллауақпар!