Айт күні сыйлық берген дұрыс па?
Айт күні туған-туыстарға, бала-шағаға сыйлық беру қаншалықты дұрыс?
Маржан, Алматы облысы
Бұл күні мұсылмандардың әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарға кішігірім болса да сый-сияпат жасап, айт мейрамын ерекше өткізуіне болады. Бұл қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластықтарын барынша арттырады. Бұл ретте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, бұл адамдардың арасындағы сүйіспеншілікті арттырып, өшпенділікті жояды», - деген. Сонымен қатар мұсылмандық тәрбиеге құлшындыру үшін бала-шағаға айт күніне арнап сыйлықтар, жаңа киім-кешек әперу және қаланың көрікті жерлерін аралату, қыдырту жақсы амалға жатады. Олар сонда айтты асыға күтетін болады әрі сана-сезімі имандылыққа, мұсылмандыққа бейім өседі.
Негізі перзенті дүниеге келген уақытта ата-анасы қуанышқа кенеледі. Жалпы тұрмыс құрудың да мақсаты – осы. Мiне, осы қуаныш жалғасты болуы үшiн, перзент азамат болғанда да ата-анасын қуанышқа бөлеу үшiн, ата-ана өз жауапкершiлiктерiн сезiнiп, бала тәрбиесiмен мықтап шұғылданулары керек. Оны тәрбиелеу ата-ананың мойнындағы парыз. Сондай-ақ Алла алдына барғанда да, ел алдында да перзентке тәрбие берген-бермегенiне ата-ана бiрдей жауапты. Ата-бабамыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны iлесің», - деген мақалды тектен-текке айтпаған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу