Айт мерекесінде садақа берудің сауабы қандай?

 Айт мерекесінде садақа берудің сауабы қандай?
Айт мейрамында жетім-жесір, жоқ-жітіктерге садақа берудің сауабы қандай?
Ержан, Теміртау қаласы
Негізі Ораза айт мерекесі хадистерде «Пітір мейрамы» деп аталады. Сондықтан пітір садақаны айт қарсаңында беру – үлкен сауап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ораза ұстаған адамның айтқан пайдасыз сөзі, басқа жағымсыз әрекеттері пітір садақа берумен тазаланады», - деген. Сондықтан мұсылмандарға садақа беру міндет етілген. Яғни садақа оразадағы ғибадаттардың сауабын толықтыру үшін беріледі. Бұл мұсылмандарға оразамен бірге жүктелген амал. Бұл ретте мереке күні садақа беру мұсылмандарға ортақ іс. Мереке күндері жетім-жесірлерге, мұқтаждарға көңіл бөлу, жәрдемдесу – парыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жетімге қарайласқан кісі менімен жәннатта мына екі саусақтай бірге болады», - ортаңғы және сұқ саусағын ашып көрсеткен. Жетімдермен қатар, жесір әйелдер мен кедей мүскіндерге де қарайласқан абзал. Хадисте: «Жесір әйелдің және кедейдің бір күндік нәпақасын көтеру үшін жүгірген мұсылман Алла жолында соғысқанмен бірдей немесе түнімен намаз оқып, күні бойы ораза ұстаған кісі тәрізді сауап алады», - делінген. Сондықтан мүмкіншілік болса айт күндері садақа берген дұрыс. Бұл ретте біз мынаны естен шығармауымыз керек, ораза айтында пітір садақаны айт намазы шығардан бұрын берген жөн. Кімде-кім айт намазынан бұрын берсе, оның пітір садақасы қабыл. Ал айт намазынан соң берсе, оныкі жай садақа ретінде қабылданады. Десек те Құранда: «Қандай қайырлы іс істесеңдер, Алла оны күдіксіз біледі», - делінген. Демек қандай жақсылық жасасақ та, ол сауапсыз қалмайды. Олай болса, айт мерекесінде сауапты амалдарды арттырсақ нұр үстіне нұр болар еді. 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста