Айт намазы қашан оқылады?

Айт намазы қашан оқылады?

Жұ­ма на­ма­зы па­рыз бол­ған жан­дар­ға Ораза айт және Құрбан айт на­маз­дары – уә­жіп. Айт на­маз­да­ры­ның ал­ғаш­қы уақы­ты – күннің көк­жиек­тен найза бойын­дай кө­те­ріл­ген­де­гі уақыт. Бұл ша­ма­мен күн шық­қан­нан кейін 50-55 ми­нөт­тей өт­кен­нен кейін басталып, бе­сін на­ма­зы­ның кі­руіне дейін жал­ға­са­ды.

Айт на­ма­зы – екі рә­кат. Жа­ма­ғат­пен жа­рия түр­де оқы­ла­ды. Азан мен қа­мат оқыл­майды. Имам мы­сал­ға, «Екі рә­кат Ра­ма­зан айт на­ма­зы­на ниет ет­тім» деп ниет ете­ді. Жа­ма­ғат «Екі рә­кат айт на­ма­зы­на ниет ет­тім, ұйы­дым имам­ға» деп ниет ете­ді. «Аллаһу әк­бар» деп, ифти­тах (ашу, бас­тау) тәк­бі­рі алы­на­ды. Қол­дар байла­нып, имам мен жа­ма­ғат бір­ге құпиялай «Суб­ха­на­ка Аллаһум­ма» дұ­ға­сын оқи­ды. Одан кейін имам – жа­рия­лай, жа­ма­ғат – құ­пия­лай «Аллаһу әк­бар» деп, үш рет тәк­бір ала­ды. Әр­бір тәк­бір­ді айт­қан­да қол­дар жоға­ры кө­те­рі­ліп, екі жа­ны­на тү­сі­рі­ле­ді. Әр­бір тәк­бір­дің ара­сын­да үш тәс­бих айтылатындай сәт тұ­ра­ды. Үшін­ші тәк­бір­ден кейін қол­дар байла­нып, имам «Ә'узу» мен «Бис­мил­лаһ­ты» құ­пия­лай, одан кейін «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре­ні жа­рия­лай оқи­ды. Осы­дан кейін жа­рия­лай «Аллаһу әк­бар» деп рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды. Жа­ма­ғат та құ­пия­лай тәк­бір алып, имам­ға ұйиды. Со­дан кейін екін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Имам құ­пия­лай – Бис­мил­лаһ, жа­рия­лай – «Фа­ти­ха», со­дан кейін қо­сым­ша сү­ре оқи­ды. Міне, осы­дан кейін осы жер­де ал­ғаш­қы рә­кат­та­ғы­дай үш рет тәк­бір ала­ды. Бұ­дан кейін имам – жа­рия­лай, жа­ма­ғат – құ­пия­лай «Аллаһу әк­бар» деп, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды. Одан кейін оты­рып, «әт-та­хият», «салауат», «рәб­бә­нә» дұ­ға­сы оқы­лып, екі жақ­қа сә­лем бе­рі­ле­ді. Яғ­ни, бұл айт на­маз­да­ры­ның әр­бір рә­кат­та­рын­да үш қо­сым­ша тәк­бір бар. Бұл тәк­бір­лер – уә­жіп.
Хұт­па­шы айт на­маз­да­ры­ның ар­ты­нан мін­бер­ге шы­ғып, ті­ке тұ­рып, жұ­ма­да­ғы­дай екі хұт­па оқи­ды. Айт хұт­па­ла­рын­да тәк­бір­мен бас­та­лып, жа­ма­ғат та осы тәк­бір­ге жай­лап қо­сы­ла­ды. Жұ­ма на­ма­зын­да­ғы сүн­нет­тер мұн­да да сүн­нет. Мәк­рүһ бол­ған нәр­се­лер, бұл жер­де де – мәк­рүһ. Айт хұт­па­сы­ның на­маз­дан бұ­рын оқы­луы – мәк­рүһ.
Имам бі­рін­ші рә­кат­та айт тәк­бір­ле­рін ұмы­тып, «Фа­ти­ха­ны» оқып жат­қан­да есі­не түс­се, де­реу тәк­бір­лер­ді алып, «Фа­ти­ха­ны» қайта оқи­ды. Бі­рақ «Фа­ти­ха» мен Құ­ран­ды оқығаннан кейін есі­не түс­се, тек қа­на тәк­бір­лер­ді ала­ды. Қайта оқу­дың қа­же­ті жоқ.
Айт на­ма­зы­ның тәк­бір­ле­рі­не ке­ші­гіп қал­ған жағ­дайда...

Айт на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы рә­ка­ты­на қо­сым­ша тәк­бір­лер ай­тыл­ған соң үл­ге­ріп имам­ға ұйыған адам иф­ти­тах тәк­бір­ді ал­ған­нан кейін, «Суб­ха­на­ка­ны» оқы­май де­реу қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді ала­ды. Егер имам рү­күғ­те тұр­ған кез­де үл­гер­се, де­реу түрегеп тұрған күйі тәкбір алып, рү­күғ­ке ба­ра­ды. Рү­күғ­те­гі тас­бих­тер­дің ор­ны­на қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді қолдарын кө­тер­мей сол жер­де айта­ды. Егер үл­ге­ре ал­ма­са, еш­те­ңе ке­рек емес. Егер имамға екін­ші рә­кат­та үл­гер­се, имам сә­лем бер­ген­нен кейін, оқи ал­ма­ған рә­кат­ты қа­за ету үшін қиям­ға бар­ған­да қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре­ден кейін құ­пия ала­ды.
Айт на­ма­зы­на үл­ге­ре ал­ма­ған адам же­ке өзі айт на­ма­зын оқи ал­майды. Қа­ла­са төрт рә­кат на­маз оқи­ды. Бұл да сәс­ке на­ма­зы­ның ор­ны­на жа­та­ды.
Құр­бан на­ма­зын ке­шік­тір­мей, ал, Ра­ма­зан айт на­ма­зын аз­дап ке­шік­ті­ру – сүн­нет. Ра­ма­зан айтта айт на­ма­зы­нан бұ­рын құр­ма се­кіл­ді бір нәр­се жеу, Құр­бан ай­тын­да бол­са, айт намазы оқыл­май тұ­рып еш­те­ңе же­меу – мұс­та­хап. Бу­рәйда (р.а.) бы­лай дейді; «Аллаһ Елші­сі (с.а.у.) Ра­ма­зан ай­тын­да дәм тат­пай үй­ден шық­пай­тын. Ал құр­бан ай­тын­да на­маз оқы­ған­ға дейін еш нәр­се же­мей­тін»2.
Тәш­риқ тәк­бі­рі

Құр­бан айт­тың ал­дын­да­ғы күн­ді «Ара­фа кү­ні» деп атайды. Бұл – Зил­хиж­жа­ның тоғызыншы кү­ні. Ара­фа кү­ні­нің таң на­ма­зы­ның па­ры­зы­нан кейін, құр­бан айт­тың төр­тін­ші кү­ні­нің на­маз­ды­гер уақы­ты­на дейін­гі айты­ла­тын тәк­бір­ді – «Тәш­риқ тәк­бі­рі» дейді 3.
Ол бы­лай айты­ла­ды:

{أللهُُ أكْبَرُ,أللهُُ أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاَّ اللهُ وَاللهُ أكْبَرُ,أللهُ أكْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْدُ}

«Аллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар, лә илә­һә ил­лАллаһу уАллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар уа лил­ла­һил-хамд». Ма­ғы­на­сы: «Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір­лер жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Бар­лық ма­дақ­тар мен мақ­тау­лар тек Аллаһ­қа тән».

Әбу Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, па­рыз на­ма­зы мін­дет­ті адам­ға тәк­бір айту – уәжіп. Яғ­ни, же­ке на­маз оқы­ған адам, жо­лаушы, тұр­ғын, ауыл­да, қа­ла­да тұр­ған ер, әйел­дің бә­рі­не бір­дей ор­тақ. Бі­рақ Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, тәш­риқ тәк­бі­рі уә­жіп бо­лу үшін адамның тұр­ғын, азат, ер кі­сі жә­не бұл тәк­бір­дің айты­лу тиіс на­маз­дың жа­ма­ғат­пен оқылған па­рыз на­маз бо­луы ке­рек. Сол се­беп­ті жо­лаушы, тұт­қын, әйел жә­не же­ке ба­сы намаз оқы­ған жан­ға тәк­бір уә­жіп емес. Бі­рақ бұ­лар имам­мен бір­ге на­маз оқы­са, жамағатпен бір­ге тәк­бір айта­ды. Жұ­ма мен айт на­маз­да­ры оқыл­май­тын кі­ші ауыл­дар­да тәш­риқ тәк­бі­рі ай­тыл­майды. Айт күн­де­рі мұ­сыл­ман­дар­дың бір-бір­ле­рін құ­тық­таула­ры, бір-бір­ле­рі­мен қол алы­сып, дұ­ға ету­ле­рі – мән­дүп.

bnews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста