Айт намазына міндетті түрде қатысу керек пе?
Менің білгім келгені, айт намазына міндетті түрде қатысу керек пе, ол бізге парыз етілген бе?
Едіге, Шымкент қаласы
ҚМДБ мамандарының айтуынша, айт намазын орындаудың міндеттігіне қатысты ислам ғалымдары әртүрлі пікірде болған. Ғалымдардың көпшілігі бұл намазды орындау міндетті деп есептемеген. Бұл ретте олар Алла Тағала адам баласына бес уақыт намазды ғана парыз еткенін алға тартқан. Бірақ Имам Ағзам Әбу Ханифаның пікіріне келер болсақ, ол: «айт намазын оқу әрбір мұсылманның міндеті болып саналады», - деген. Осы пікірді жақтаған ислам ғалымдарының айтуынша, айт намазын орындау ерлерге де, әйелдерге де міндетті болып табылады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл намазға шығуды баршаға: балалар мен қарт кісілерге де, ерлер мен әйелдерге де – бұйырған.