Айт намазына жаяу бару керек пе?

Айт намазына жаяу бару керек пе?

Кейбіреулер айт намазына жаяу бару керек, намазға барарда тәкбір айту міндетті деп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс?
Ермахан, Теміртау қаласы
Айт намазына жаяу бару және жаяу келу сүннет болып табылады. Ислам ғалымдарының көбі адамның айт намазына жаяу баруын абзал санайды. Егер қажеттілік болмаса, мешіт жақын болса, лажы болса айт намазына жаяу барған дұрыс. Ал егер айт намазын оқитын орын алыс болса, оған көлікпен барудың еш сөкеттігі жоқ. Негізі айт намазына мешітке бара жатқанда тәкбір айтқан дұрыс. Ораза айтта тәкбір іштен, ал құрбан айтта тәкбір жария түрде, дауыстап айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да тәкбірлерді үйінен шыққанда және айт намазы оқылатын жерге дейін айтатын болған. Тәкбір былай айтылады: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллалла! Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, уә лилләхил хамд». (Мағынасы: Алла Ұлы, Алла Ұлы! Алладан басқа Тәңір жоқ! Алла Ұлы, Алла Ұлы, әрі Аллаға мақтау-мадақ!). Ораза айтта тәкбірдің ең жеңіл түрі: «Аллаһу әкбар!» деп іштей мешітке жеткенше айта берсе де болады. Не болмаса, тек «Лә иләһә иллалла» деп те тәкбір айтуға болады. Бұл ретте біз бір нәрсені ерекше ескеруіміз керек. Айт намазына барған жолмен қайтарда жүрмеген абзал. Себебі айтқа байланысты бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт күні мешітке барған жолмен қайтпай, басқа жолмен қайтатын еді», - делінген. Демек айт көпшілікпен дидарласып, кең ауқымда өткізілетін мереке. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста