Айттық деген не?
Бүгін бір танысыма «Айтың қабыл болсын!» деп едім, ол: «Айттық сенен болсын» деп жауап берді. Түсінбедім, сонда айттық деген не?
Батырхан, Қарағанды қаласы
«Айтың қабыл болсын!» деген уақытта, біреу: «Айттық сенен болсын!» десе, онда сіз ол адамға сыйлық беруіңіз керек. Негізі айттық – айт күні айттық деп сұраған айттаушы (айтшылаған) адамдарға берілетін сыйлық, кәде. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.
Ел ішінде айттықтың айттық сый деген атауы да кездеседі. Сондай-ақ, айттық – айт күндері қыдырып, айтшылап барған үйдің балаларына беретін түрлі ойыншық, ақша, қант, кәмпит сияқты балалар қызығатын заттар.
Айттық беру – мерекенің мерейін асырып, тату-тәттілікті, береке-бірлікті нығайтудың, әсіресе балаларды мәз-мейрам етіп қуандырудың дәнекері.
Үйге айтшылап сәлем бере келген туыстардың балаларына айттық беріледі.
Қазақтарда үлкен кісілерге сыйлыққа тәспi, жайнамаз, тақия, кестелi орамал, зергерлiк бұйымдар берiлген.