Әл Исра Әл Миғраж түні

Әл Исра Әл Миғраж түні

Редакциядан аңғартпа: Ләйләтүл Миғраж (Миғраж түні) оқиғасы болған түннің реттік саны жайында бірнеше хабарламалар бар. Муфтий Таки Усманидің айтуынша өмірбаяншы Әл- Зурқанидің еңбектеріне жүгінетін болсақ, ғалымдар Ләйләтүл Миғраж қай айда болғаны жайында алты пікір келтіріп: Раббиул Әууәл, Раббиус-Сәни, Ережеп, Рамазан, Шағбан және Зүлхижжа айларын көрсетеді. Әйтсе де, бұл оқиға Ережеп айының 27-не қараған түні орын алды деген пікірдің де негізі бар. Алла жақсырақ Білуші.

«Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңерегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол – барлық кемшіліктерден пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әр-бір нәрсені Көруші» (17, 1).

Исра және Миғраж түні – Алла Тағаланың құдіретін дәлелдей түсетін белгілерінің бірі, әрі Оның Елшісін (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзге жаратылыстардан ерекшелеген үлкен мұғжиза. Пайғамбарымыздан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) басқа ешбір адамзат баласы мұндай зор қашықтықты бір сәтте-ақ бағындырып, жеті қат көкке көтерілу ғажабына лайықты болған емес.

Бұл таңғажайып сапар екі сағаттық уақыттан тұрды. Исра, яғни, түнгі сапар, Меккедегі әл-Харам мешітінен басталды. Бұл сапарда Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Жәбірейіл періште Жәннаттан алып келген әл–Бурақ (пырақ) атты ақ жануарға мініп, Жәбірейіл періштемен бірге Мәдина қаласы және Синай тауы арқылы бір мезетте-ақ әл-Ақса мешітіне келіп жетеді. Ал, екінші сапар әл-Миғраж деген атпен белгілі, онда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) әл-Ақса мешітінен көкке көтеріліп, Алла Тағаламен сөйлесу шарапатына ие болды.

Сахих әл-Бұхариде келген мына бір хадисте, Әбу Зарр (оған Алла разы болсын) осы түнде болған жайтты Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қалай суреттеп бергенін айтқан.

Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Меккеде болғанында оған үйінің шатыры арқылы Жәбірейіл періште келіп, оның кеудесін, яғни, алқымнан ішінің төменгі жеріне дейін ашып, оны Зәм-зәм суымен жуып, артынша иман мен хикметке толтырып, қайта жауып қояды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Жәбірейіл періште және ғажайып әл-Бурақпен бірге Меккедегі Қасиетті әл-Харам мешітінен Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне жеткесін, сонда тоқтап, жануарды мешіт алдындағы қақпаның дөңгелек тұтқасына байлап, мешіттегі өзге пайғамбарлармен бірге намаз оқып, намазды өзі жүргізеді. Сосын, әлгі Бураққа қайта отырғызған күйі Жәбірейіл періште оны (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), жер бетінен көкке көтерді. Олар аспанның бірінші қабатына жеткенде, Жәбірейіл күзетші періштеге аспан қақпасын ашуын бұйырды. Олар онда адамзаттың арғы атасы Адамды (оған Алланың сәлемі болсын) көрді. Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оған сәлем берді, Адам да (оған Алланың сәлемі болсын) оған сәлем беріп, өзінің Мұхаммедке (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) және оның пайғамбарлығына иман келтіретіндігін жеткізді. Сонда Адамның (оған Алланың сәлемі болсын) оң жағына иманды құлдардың жаны, ал, сол жағына күнәһар пенделердің жаны жиналғанын көреді.

Одан әрі олар екінші қабатқа келіп, онда Зәкарияның ұлы Яхия мен Мәриамның ұлы Иса (Алланың оларға сәлемі болсын) пайғамбарларды жолықтырды.

Үшінші қабатта Жүсіп пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын), ал, төртіншіде Ыдырысты (оған Алланың сәлемі болсын) көреді. Олардың бәрі де біздің Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сәлем берді.

Сөйтіп олар бесінші қабатқа да келді, онда Харун пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) болды, ал, алтыншысында Мұсаны (оған Алланың сәлемі болсын) кезіктірді. Әрі қарай кете бергенде Мұса пайғамбар жылап жіберген екен. Оның не себепті жылағанын сұрағанда, ол Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзіне қарағанда көп адамды иманға әкелетіндігін білетінін айтады.

Сөйтіп Пайғамбарымыз бен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Жәбірейіл аспанның ең соңғы, жетінші қабатына да келіп жетті. Бұл қабаттан Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарды көрді.

Осыдан соң, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Сидратул – Мунтәһәға (шекараның соңы, Алланың құдіретін танытатын мәуелі ағаш) жетіп, одан әрі жердегі Қағбаға ұқсас болған, күніне жетпіс мың періште айналып өтетін Қасиетті үй - әл-Бәйт әл- Ма’мурды көрген болатын.

Осылайша, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Алла Тағаланың құзырына да келіп жетіп, адам баласының шамасының ең шегіндегі дәрежеде ғана Алланың ұлық мәртебелігіне куә болды.

Сол сәтте Алла Тағала Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үмметі үшін деп күніне елу намазды парыз еткен еді. Қайтар жолында Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бұл туралы Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) айтқанында, ол елу рет намаз оқу оның үмметіне ауыр болатынын, сол үшін қайта барып Алладан жеңілдік сұрауына кеңес береді. Сол кезде Алла Тағала намазды қырыққа дейін қысқартады. Бірақ, Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) әлі де жеңілдік сұрауын өтініп, намаз саны тағы да онға қысқартылады. Осылайша, намазды бес уақыт оқу бекітілгенге дейін жалғасты. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) тағы да жеңілдік сұра дегенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) енді әрі қарай жеңілдік сұрауға ұялатынын айтты.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көкке көтерілу сәтінде оған біреуіне сүт, екіншісіне шарап құйылған екі ыдыс ұсынылғандығы жайлы да айтылады. Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүт құйылған ыдысты таңдап, оны ішті. Сонда періште оның (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) адам баласының жаратылу болмысына (фитра) сай таңдау жасағанын айтады. Егер ол шараптағы ыдысты таңдағанда, оның бүкіл үмметі адасуға ұшыраған болар еді.

Осы сапар барысында Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тозақты күзететін Мәлік періштені, тозақтықтарды, олардың тартып жатқан жазаларын да көрген еді. Сондай-ақ, Жәннат нығметтері мен оның тұрғындарын, Жәннаттықтардың жұбайы болатын тамаша хур-аль-айн қыздарын көрді. Кейбір ғұламалардың айтуынша, бұл сапар шамамен түннің үштен бір бөлігіндей уақытты алған.

Бұл таңғажайып сапар туралы естіген Мекке тұрғындары біраз әбігерге түскенді. Тіпті, мұсылмандардың ішінен де кейбірі күмәнға бой алдырса, ал, кәпірлер Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деп күле бастады: «Мұндай жолды адамдар негізі бір ай жүреді, ал, сен бір ғана түнде сапар жасадым дейсің!». Олар Әбу Бәкірге келіп: «Сен жолдасыңның не айтып жүргенін білемісің, ол бір түн ішінде Иерусалимге жетіп, ол жақтан қайта оралдым деп жүр». Алайда, Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) шыншылдығына толық сенетінін айтып, былай деді: «Оған көктен періште келіп түсетініне сенген мен, оның Иерусалимге бір түн ішінде жетіп және қайтып оралғандығына неге сенбеуім керек?!» Міне, осы жайттан соң, Әбу Бәкір «Әс-Сыддық» яғни, шыншыл атала бастады.

Сонда имансыздар Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) әр түрлі сұрақтар қоя бастады: олар әдейі Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ешқашан бұған дейін Иерусалимде болмағанын білгесін, әл-Ақса мешіті мен оның айналасын сипаттап беруін өтінді. Таңғаларлығы, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мешіт пен оның төңірегін оларға дәлме-дәл суреттеп береді. Оған қоса, ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Қайтар жолымда сендердің малшыларыңның бір жерлерде мал бағып жүргенін, олардың кейбіреуі қашып кеткен бір түйені іздестіріп жүргенін көрдім»,- деді. Дәл солай болып, әлгі малшылар қалаға келген соң, Оның (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқанының бәрін растайды. Сонымен бірге, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) олардың Меккеге бет алған керуендері қандай бағытпен жүргендігі жайлы да хабарды дәл айтып береді.

Бұл сапардың хикметі:

- Біріншіден, адам баласына әдемі, ыңғайлы боп көрінетін, алайда, өткінші ғана болған өмірді алда күтіп тұрған нағыз тұрақты өмірдің мәнімен салыстыра отырып ұғындыру;

- Ал, екіншіден, бұл сапардағы мақсат Пайғамбарымызды (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Алла Тағаланың құдіретін танытып, Оның жаратылысының көптігін көрсету үшін ғана көкке көтеру ғана емес, Раббымыз бұл ғажаптарды Өзінің Сүйіктісін өзге жаратылыстан қалай артық көретіндігін және өзге пайғамбарлар (Алланың оларға сәлемі болсын) арасында да оның (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жетекші орынға ие екенін көрсету еді.

Осы оқиғадан алынар ғибрат:

1. Намаздың құндылығы. Алла Елшісіне (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Алладан болған өзге бұйрық, тыйымдар Жәбірейіл періште арқылы жеткен болса, ал, намаз оқу бұйрығы көкке көтерілгенінде, Алланың құзырында, Оның Өзінен бұйырылған еді. Сондықтан, бұл жайт – намаздың бізге нәсіп болған айрықша нығмет екеніне дәләл болмақ.

2.Зәм-зәм суының қасиеттілігі. Бұл ғажап сапар мен көкке көтерілуден бұрын, періштелердің Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кеудесін ашып, оның жүрегін Зәм-зәм суымен жуғаны белгілі. Бұл мақсатта басқа бір су түрі емес, арнайы Зәм-зәм суының қолданылуы да оның қасиеттілігін көрсетеді.

3.Аллаға бойсұнбаудың кесірі. Осы сапарында Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тозақты және Алланың бұйрығына қарсы келіп, соған сай жазасын тартып жатқан күнәһарларды көрді. Әсіресе, олардың арасында ауыр жазаға тап болғандар – өз аузынан шыққанға өзі амал етпейтін ілім иелері, өтірік, өсек, ғайбат айтушылар, риба, яғни, өсім көру арқылы өмір сүретіндер, зинақорлар, аманатқа қиянат келтіргендер, зекет беру мен намаз оқуға немқұрайлы қараған адамдар екен.

4. Сонымен бірге, бұл сапар Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бен оның сахабаларының рухын көтеруге үлкен себебін тигізді. Өйткені, дәл сол кезеңде олар ауыр сынақтарды өткеріп жатқан әрі көңілдері қайғы мен қазаның әсеріне толы еді.

5.Сапар барысында әл-Ақса мешіті мен оның төңірегінің тарихи маңызы көрсетіледі, себебі, бүкіл пайғамбарлардың жиналған және намаз оқыған жері ретінде дәл осы қасиетті мешіт таңдап алынған болатын.

Шариғатымызда бұл оқиғаның құрметіне қатысты жасалатын арнайы бір құлшылық түрі жоқ, дегенмен, әрбір мұсылман бұл оқиғадан алынар ғибратты есіне алып, өз өмірінде соған сай амал етуі абзал болады.

azan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста