Алла кешірмейтін күнә бар ма?

Алла кешірмейтін күнә бар ма?

Жаратушы Иеміз Тағала шексіз рахым-мейірімімен пенделерінің түрлі күнәларын кешірсе де, Өзінен басқаға жалбарынып, одан қажетін сұрап, табынуды ешқашан да кешірмейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Хақ Тағала мұны күллі адамзатқа Құран Кәрім аяттарында және Пайғамбары (с.а.с.) арқылы қатаң түрде ескертіп өткен. Мысалы, Ниса сүресінде Жаратқан Иеге ортақ қосудың ең үлкен кешірілмес күнә екендігі нақтылы түрде айтылған.

 

﴿إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاءُ وَمَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلاَلاً بَعِيداً﴾ 

 

«Шындығында Алла Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан басқаны (басқа күнәні) қалаған пендесіне кешіреді. Кімде-кім Аллаға серік қосса, ол қатты адасады» (Ниса, 116).

 

Алладан басқадан жәрдем сұрап, ғибадат дұғасын жасау немесе Жаратушыдан өзгенің күші жетпейтін нәрсені сұрау – мүшріктік амал, яғни Құдайға көпе-көрнеу серік қосу.

 

Бұл туралы Алла Тағала Құран Кәрімде бүкіл иман келтіргендерді былайша ескерткен:

 

﴿فَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَهاً آخَرَ فَتَكُونَ مِنَ الْمُعَذَّبِينَ﴾

 

«Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың» (Шұғара, 213);

 

﴿وَلاَ تَدْعُ مِن دُونِ اللّهِ مَا لاَ يَنفَعُكَ وَلاَ يَضُرُّكَ فَإِن فَعَلْتَ فَإِنَّكَ إِذاً مِّنَ الظَّالِمِينَ﴾

 

«Және де Алладан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боласың» (Жүніс, 106, 107);

 

﴿وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِهِ لاَ يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَكُمْ وَلا أَنفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ﴾

 

«Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың сендерге де жәрдем ете алмайды әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды» (Ағраф, 197).

 

Алла Тағалаға дұға қылу, қалаған тілекті сұрау қандай да бір делдалдың, ортақтың еш қажеттігіні жоқ екендігі туралы қасиетті аяттарда тайға таңба басқандай айқын түрде баяндалған. ﴿

 

وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجِيبُواْ لِي وَلْيُؤْمِنُواْ بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ﴾

 

«Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса, Мен өте жақынмын. Қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді» (Бақара, 186).

 

Пайғамбар (с.а.с.) да өз хадистерінде қажетті бір Алладан сұрау керектігін баса айтқан. Дұға, медет тілеудің жай-жапсарын толық түсіндіріп өткен. Солардың ең бірегейі, төмендегі өсиет-хадисі.

 

عَنِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ كُنْتُ خَلْفَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمًا، فَقَالَ: «يَا غُلَامَ، إِنِّي أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ اِحْفَظِ اللهَ يَحْفَظُكَ، اِحْفَظِ اللهَ تَجِدْهُ تِجَاهَكَ، إِذَا سَأَلْتَ فَاسْأَلِ اللهَ، وَإِذَا اسْتَعَنْتَ فَاسْتَعِنْ بِاللهِ، وَاعْلَمْ أَنَّ الْأُمَّةَ لَوِ اجْتَمَعَتْ عَلَى أَنْ يَنْفَعُوكَ بِشَيْءٍ لَمْ يَنْفَعُوكَ إِلَّا بِشَيْءٍ قَدْ كَتَبَهُ اللهُ لَكَ وَلَوِ اجْتَمَعُواْ عَلَى أَنْ يَضُرُّوكَ بِشَيْءٍ لَمْ يَضُرُّوكَ إِلَّا بِشَيْءٍ قَدْ كَتَبَهُ اللهُ عَلَيْكَ، رُفِعَتِ الأَقْلَامُ وَجَفَّتِ الصُّحُفُ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُ.

 

Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) артында келе жатқанда Ол (с.а.с.) маған: «Ей, балақай! Мен саған мына сөздерді үйретемін: Алланы сақта (яғни, жадыңнан шығарма), сонда Ол сені сақтайды. Алланы сақта, сонда оны алдыңнан табасың. Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле. Бүкіл халық жиналып саған бір пайда келтірмек болса, тек Алла жазған нәрсені ғана келтіре алатындығын және олар саған бір зиян келтірмекке жиылса да, тек Алланың жазғанын ғана келтіре алатындығын білгейсің. Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни, тағдыр тақтасына бәрі жазылды)», – деді. Термези риуаяты.

 

Негізінде өлілерге, жындарға қайырылып, солардан жәрдем сұрау дұға болып есептеледі. Ал дұға ету, шақыру – құлшылықтың бір түрі. Құлшылық тек бір Құдай Тағалаға ғана лайық. Ал басқаға құлшылық қылу ақиқатқа жала жабу, серік қосу болып табылады.

 

 عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِنَّ الدُّعَاءَ هُوَ العِبَادَةُ ثُمَّ قَرَأَ وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ». رَوَاهُ ابْنُ مَاجَة.

 

Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) айтуынша Пайғамбар (с.а.с.): «Дұға – ғибадат», – деп, «Раббыларың: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын» деген аятты оқыған. Ибн Мәже риуаяты.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста