Алла пендесінің қолын бос қайтаруға ұялады

Алла пендесінің қолын бос қайтаруға ұялады

Күндердің күнінде шашына ақ түскен жігіт ағасы шаштаразға келеді. Әдетке сай, шаштараздар қолымен жұмыс жасап, аузымен әңгіме-дүкен құрғанды, өмір туралы ой жарыстырғанды ұнатады емес пе? Бұл шаштараз да сол қатардан болып шықты. "Құдай жоқ! – деді ол нық сеніммен. – Айналаңа қарашы, қаншама ауру-сырқат, қаншама бақытсыз адамдар бар. Қайғы-мұң және соғыс, ұрлық-қарлық және күйзеліс... Кәне, қайда Құдай? Әрине, Ол жоқ. Егер Құдай бар болса, бәрін ретке келтіріп, әділетсіздіктерді қалпына келтірер еді...".
Келуші өте парасатты, пайымы мол кісі болатын, сондықтан сөз таластырып жатпады. Шағын ғана шаштараздың орындығында отырып, терең ой құшағына батты. Оның шаштаразға Алла Тағаланың ұлылығы мен өзінің ойын қарабайыр сөзбен түсіндіріп бере алмайтындығына көзі жетті. Шаштараз өз жұмысын аяқтады, ал кісі көшеге шықты. Бұл көше жағдайы төмен ауданда орналасқан екен, айналада қоқыстар үйіліп жатты. "Іздегенің алдыңнан тілемей-ақ табылар" демекші, кенет алдынан өте жұпыны киімді, адам жиіркенерлік түк басқан, лас, мұрты аузына түскен, ұйпа-тұйпа шашы бар адам шыға келді. Қарсы келе жатқан адаммен кездесуге бар болғаны отыз метр жол қалған еді. Ақылды кісі дереу кері бұрылып, қолында темекісі мен кофесі бар шаштараздың алдына қайта келді де: "Бұл дүниеде шаштараздар жоқ! Мен саған қазір осыны дәлелдеймін!". Шаштараз әлгіні есі ауысқан екен деп ойлады. Ол мүдірген жоқ, шаштаразды қолынан ұстады да, әйнекті есікті ашып көшеге шықты. Он метр жердегі қаңғыбасты нұсқады да, "Мына адамға қарашы. Жер бетінде шаштараздар болса, көше бойында осындай күзелмеген адамдар жүрер ме еді?". Шаштараз таңғалған кейіппен былай деп жауап қатады: "Ол менің алдыма келмеді ғой. Ал мен оның артынан жүгіріп жүрмеймін. Егер ол алдыма келген болса, бәрін ретке келтіріп берер едім".
Ақылды адам жай ғана күлімсіреді де: "Сенің құлағың тіліңнің айтқанын естіді ме? Құдай, әрине, бар! Дәл солай, әлемде зұлымдық пен қайғы да бар, мұның бәрі де адамдардың Оның алдына келмейтіндігінен болады. Адамдар өздерінің өмірін қалауларымен таңдап алады да, нәтижесінде Құдайды айыптайды. Немесе Оған "Мұның бәрі не үшін?" деп өкпесін айтады. Жауап біреу ғана: адамдар Алланың емес, өздерінің айтқандарымен жүреді де, жандары қанағаттанбайтын нәтижеге жетеді. Егер Алланың тыйғанынан тыйылып, бұйырғанына құлақ асса, Алладан қол жайып сұраса, Ол пендесінің қолын бос қайтаруға ұялады.
Арамызда қаншама пенде өз таңдауының жемісі үшін Аллаға наз айтып жүр. Рас, тағдыр да, үкім де бар. Сол секілді адамда таңдау да бар. Адам ата жәннаттан қуылғанда, бұл тағдырдың жазуы немесе Ібілістің азғыруы деп Жаратушысы алдында тәкаппарланбады. Өз таңдауы болғандықтан, сәжде жасап кешірім сұрады. Таңдауды Оның бұйрығына, Оның Кітабына, Оның Пайғамбарының сөзіне сәйкес жасауға талпыныс жасап көрейікші. Өйткені Мейірімді Алла: "Мен пендемнің ой-қиялындамын, пендем Мен жайында қалай ойласа, сондаймын. Егер ол Мені жалғыз еске алса, Мен де оны жалғыз еске аламын, егер ол Мені көпшіліктің арасында еске алса, Мен де оны ол Мені еске алған жамағаттан құрметтірек жамағат ішінде еске аламын. Ол Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір кез жақындаймын. Егер ол Маған бір кез жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Пендем Маған қарай жүріп келсе, Мен оған жүгіріп келемін" деп уәде берді. (Бұхари, Муслим).
Оған қарай асығыңызшы, Ол да сізге қарай тез жүгіретін болады...
Назерке Мельдекова
(Facebook-тегі парақшасынан)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста