«Алла қайда?» деген сұраққа, не деп жауап беруге болады?

«Алла қайда?» деген сұраққа, не деп жауап беруге болады?

Бірде Әзіреті Әлиден бір кісі: «Ғарш жаратылмай тұрып Алла қайда еді» деп сұрайды. Сонда Әзіреті Әли: ««ҚАЙДА» деген сөздің өзі мекен-жайды білдіреді. Ал, Алла уақыт пен мекен жаратылмай тұрғанда да бар еді. Алла әзелде қандай болса, қазір де сондай (өзгеріссіз)», – деген екен.

Табиғин Жағфарус Садық (р.а.) былай дейді: «ТАУХИД сенімі үш сөзден құралады: Алла еш нәрседен жаратылмады, еш нәрсенің ішінде емес және еш нәрсенің үстінде емес»[1].

Ендігі, жерде «Алла қайда?» деп сұраған адамға:

«Алла әрбір пенденің не істеп, не қойғанын, не ойлайтынын, болашағын т.б. егжей-тегжейлі түгел біледі. Осы тұрғыдан қарағанда, ол әрбірімізбен бірге. Бірақ затымен емес, білгіштігімен», - деп жауап беруге болады.

Құран Кәрімде: «Біз оған күре тамырынан да жақынбыз», - делінген[2].

Басқа бір аятта былай делінеді: «...Екеуі (Мұхаммед пайғамбар мен Әбу Бәкр) үңгірде болған уақытта, (Мұхаммед Ғ.С.) жолдасына: «Уайымдама! Расында, Алла бізбен бірге» деді...»[3].

Сондай-ақ, Құдай Тағаланың құдіреттілігі, шеберлігі, мейірімділігі, қамқорлығы сияқты нұқсансыз сипаттарға ие екендігін айналадағы жаратылыстарға қарап ұғынамыз. Осы тұрғыдан алғанда, жаратылыстардың әрбірінде Жасағанды ашық көруге болады. Яғни, Жаратқан Иенің ұлықтығын айналадағы болып жатқан барлық құбылыстардан анық байқауға болады. Құран Кәрімде: "...Қайда бет қаратсаңдар да, Алланың жүзі (мейрімі, құдіреті, разылығы) сол жерде", - дейді[4].  

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста