АЛЛА СЕНІ БІЛЕ МЕ?

АЛЛА СЕНІ БІЛЕ МЕ?

Атақты тақуа Уайс Әл-Қарани (Алла оны рахымына алсын) ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) дәуірінде өмір сүріп, бірақ дидарласа алмаған табиғин ғалымдардың бірі.

Бір күні Уайс Әл-Қараниге бір кісі келіп насихат сұраған екен. Сонда тақуа Уәйс;

–  Алла сені біле ме? – деген екен. Әлгі кісі де,

– Әлбетте, Алла өзінің жаратқандарын толық білуші, депті.

– Онда басқасының білуі керек емес, депті Уайс Әл-Қарани. Әлгі кісі тағы да насихат айтыңыз, депті. Сонда Уәйс;

– Ал сен Алланы білесің бе?, депті. Әлгі кісі де,

– Аллаға шүкір, білемін, деп жауап береді.

– Онда басқасын білмесеңде болады. Алламен дос бол, қалғаны бос нәрсе. сен Алланы жақсы көрсең, басқаларыда сені жақсы көретін болады, депті Уәйс Әл-Қарани.

Алла Тағала Құран Кәрімде құлдарына Өзі туралы былай дейді:

«Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа eшбip Тәңip жоқ. Ол, аса қамқор, ерекше мейірімді» (Бақара сүресі, 163 аят).

«…Расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді» (Әл Имран сүресі, 18 аят).

«Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды…» (Бақара сүресі, 255 аят).

«Ол сондай Алла (Т.) сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі» (Әл Имран сүресі, 6 аят).

«Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ақиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән және cол жаққа қайтарыласыңдар» (Қасас сүресі, 70 аят).

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста