Алланың атын естігенде жылауын қойған нәресте елді таңғалдырды (видео)
Алланың атын естіп, жылауын тоқтатқан сәбидің видеосы желіде тарап кетті. Іnstagram-дағы krutye_agashki парақшасында жарияланған бейнеролик оқырмандар арасында қызу талқыға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазба азан шақырып, ат қою рәсімінде түсірілген.
Имам шырылдап жатқан сәбидің құлақ тұсына жақындап, азан шақырған кезде нәресте бірден тынышталып қалды.
Аталған видео желі қолданушыларын тәнті еткен.
"Алла ұлық!", "Дұғаны естігенде үндемей қалғаны таңқалдырды бəрімізді. Алла саған ұзақ ғұмыр берсін!", "Құранның даусын естіп, тынышталғанын қарашы", - деп жылы лебізін жаудырды оқырмандар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу