АЛЛАНЫҢ САЯСЫНДАҒЫ 7 ТҮРЛІ АДАМ
Әбу Хурайра (Алланың сәлемі болсын) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Алланың көлеңкесінен басқа сағаларға ешбір сая табылмайтын қиямет күні, Алла Тағала жеті түрлі адамды Өзінің саясына алады.
Олар:
1.Әділ патша,
2. жастығын бір Аллаға құлшылық етумен өткізген балғын жас,
3.жүрегі «мешіт» деп соққан мүмін,
4.бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көріп, Алла үшін бас қосып және Алла үшін айрылысқан екі дос,
5.өзі сұлу, әрі мансап иесі болған бір әйел аңсары ауып, бірге болуға шақырғанда, “жоқ, мен Алладан қорқамын” - деп нәпсісін тізгіндей білген ер адам,
6.оң қолының не бергенін сол қолы сезбей қалатындай дәрежеде садақасын жасырып беретін мәрт адам және
7. жалғыз қалғанда Алланы есіне алып, көз жасын көл қылған тақуа - деп айтты» - делінген. (Бухари; Муслим риуаят еткен)