Ақпараттық түсіндіру топтары мамандарының білімі мен біліктілігін шындап отыру маңызды

Ақпараттық түсіндіру топтары мамандарының білімі мен біліктілігін шындап отыру маңызды

Еліміз көне заманнан бері қарай сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық, ислам сияқты әртүрлі нанымдар мен сенімдер бейбіт, қатар өмір сүрген. Яғни еліміз толеранттылык иен конфессияаралық келісімнің үлгісі болғанын осы дерек айғақтайды. Алайда уақыт өте еліміздің осы кең пейілділігін, еркіндігін пайдаланып, мысық тілеу миссионерлер мен «Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат» сияқты радикалды ұйымдардың өкілдері көбейді. Олар елімізге дендеп кіріп қана қоймай, қатарына оң мен солын білмейтін жастарды, сенім іздеп адасқан жандарды қатарына тартуға күш салды. 

Сондықтан конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен діни сананы қалыптастыру мақсатында мемлекетімізге осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттілігі сезілді. Елімізде экстремистік және террорлық әрекеттерге қарсы пәрменді жұмыстар жүргізуге арналған тиісті заңнамалық және институционалдық тетіктер жасақталып, мүдделі мемлекеттік органдар өз құзіреттеріне сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруға кірісті.


Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен елімізде наурыз және қараша айларының аралығында «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстары жүргізілді. Шыны керек «Жусан» операциясы арқылы Сирия асқан мыңдаған адасушыларды елімізге қайта әкелген соң және өз елімізде жүріп-ақ «рухани азық іздеймін» деп өзге ағымдардың арбауына түскен жандармен дұрыс жұмыстар жүргізіп, райынан қайтару үшін арнайы даярланған, сауатты мамандар қажеттілігі анық еді. Осындай мамандарды қалыптастыруды көздеген «Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының жұмысы да маңызды еді. Осы орайда жүргізіліп отырған ауқымды ақпараттық, ағартушылық, түсіндіру жұмыстарының арқасында бүгінгі күнде қоғамымызда шынайы дін мен теріс діни ағымдардың аражігін ажыратата алатын және діни радикализм мен экстремизмді қабылдамайтын сана қалыптасты десек артық емес.
«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен әлеуметтік жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылды. Жобаның негізгі мақсаты &ndashақпаратты насихаттау топтарында қызмет ететін мамандарға қазіргі уақыттағы діни ахуалды түсіндіру және олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу болатын. Себебі қоғамды жат ағымдардың залалынан сақтауда ақпараттық насихаттау топтарының алар рөлі маңызды.
Елімізде қалыптасқан карантиндік жағдайға қарамастан қоғамдық қор, оңтайлы жолын тауып, еліміздің 17 өңірінде дін мәселелері жөнінде өңірлік АТТ мүшелері үшін онлайн оқыту курстарын өткізді. Атап айтқанда мұндай шаралар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Батыс-Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында өтті. Оқыту курсы қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби мамандардың қатысуымен ұйымдастырылды. «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, теолог, исламтанушы Сабдин Асқар, ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры &ndash Абзелбаев Мұрат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ президенті &ndash Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия ғылымларының докторы, профессор, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі &ndash Құрманалиева Айнұр, Философия ғылымдарының докторы, профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және политология факультетінің деканы &ndash Масалимова Алия, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның аға оқытушысы, PhD докторы Бағашаров Құдайберді секілді кәсіби мамандардың қатысуымен ұйымдастырылған оқу курсы Zoom онлайн платформасында өткізіліп, оған 1200-ден аса адам қатысқан.
Іс-шара барысында теолог А.Сабдин ислам тарихындағы дербестендіру үрдісіндегі субъектілер мен теологиялық радикалсыздандыру рөлі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы ақпараттандырса, Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры М. Абзелбаев АТТ мүшелеріне шешеннің сөйлеу техникасы, шешендік өнер әдістерін үйретті. Өйткені ақпараттық түсіндіру тобындағы мамандардың шешендігі, халыққа ақпарат беру және жұртшылықтың назарын аудартуы аса маңызды. Бұдан өзге, іс-шара барысында сарапшылар ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымдардың, қозғалыстардың тізімімен таныстырып, жастарға қауіпті тыйым салынған әдебиет пен материалдар туралы қажетті мәліметтер берді. «Қазақстан Республикасындағы терроризм мен экстремизм проблемаларын зерттеу орталығы» ҚҚ президенті Қ.М. Бишманов қатысушыларға жаһандану жағдайында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы өзгерістер, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері, экстремистік қызметтің негізгі түрлері, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мақсатты топтармен профилактикалық жұмыстың инновациялық әдістері туралы таныстырып, әңгімеледі.


Оқыту курсының соңында қатысушыларға сертификат пен үздік деп танылған 25 адамға куәлік табысталды. Одан басқа қатысушыларға «Көпшілік алдында сөйлеудің негіздері» әдістемелік нұсқаулығы, дәрістер жинағы мен «Инновационные методы профилактической и адресной работы с целевыми группами» атты кітапшалар таратылды. Дін мәселелері бойынша өңірлік АТТ мүшелері үшін дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша дәрістік бейнематериалдар дайындалды. Сондықтан кешенді түрде, жан жақты ұйымдастырылған бұл шараның алдағы уақытта да берері көп, өміршең жиын болғанына сенім мол!
Кәкімжан МҰРАТЖАНҰЛЫ, Заң ғылымдарының кандидаты, профессор:
- Жергілікті жердегі ақпаратты насихаттау топтарының әрқашан кәсіби, білікті, білімді болғаны дұрыс. Өйткен олар әрқашан қарапайым халықпен, сенім, рухани азық іздеген жандармен тікелей жұмыс істейді. Жамағатты жат ағымдарға тартудың түрлі құйтұртқы әдістері көбейген заманда олармен қалай жұмыс істеу керектігін, заң, дерадикализация жағынан кеңірек түсіндіреміз. Біздің негізгі тақырыбымыз дерадикализация мен радикализация. Радикализацияның семантикалық, лингвистикалық, психологиялық теологиялық және діни әлеуметтік себептерін анықтаймыз. Өзге дінді жамылғандардан келетін қауіптің алдын алу үшін, оларды толықтай зерттеу керек. Сондықтан қоғамдық қорымыз арқылы оларды толық зерттеп, алдын алу жолдарын қарастырамыз. Радикалдық топтарға жамағат тартушылардың араторлық шеберлігі жоғарғы деңгейде. Сол себепті де, оң - солын енді танып келе жатқан жастар нық сеніммен көсіле сөйлегеннің соңында кетіп жатады. Осы орайда ақпараттық насихаттау топтарын шешендік тұрғыдан дайындау жұмыстарын да жүргіземіз.

#qogamgov, #cisc2020
Аяш Әлімжанова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста