Аққала жасау Аллаға серік қосқанмен тең бе?
Сауд Арабиясының әлеуметтік желілерінде аққала жасаған дұрыс па, әлде бұрыс па деген тақырыпта қызу пікірталас жүріс жатыр. Бұған Мұхаммед Салех әл-Мунаджид есімді діндар-ғалымның қардан аққала жасауға болмайды және оған тыйым салу керек деген сөзі себеп болған. Аталмыш өңірде қар жиі жаумайтындықтан, тұрғындар жауған қардан түрлі аққалалармен бірге түрлі мүсіндер мен аң бейнелерін жасап, көңілдерін көтерген болатын. Алайда діндар-ғалым Мұхаммед Салех әл-Мунаджид тұрғындардың бұл әрекетін Құдайға серік қосу деп санап, аққала жасауға тыйым салу керек деп отыр. Оның айтуынша, мұндай әрекеттерге Исламда тыйым салынған. Қазір Сауд Арабиясының тұрғындары арасында осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Бірі діндардың сөзін құптаса, кейбіреулері аққала жасау Аллаға серік қосу емес дейді. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
khabar.kz