Ақтауда халықаралық ғылыми экспедиция кезінде 5 жерасты мешіті табылды

Ақтауда халықаралық ғылыми экспедиция кезінде 5 жерасты мешіті табылды

Ақтауда халықаралық ғылыми кешенді экспедиция жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» тақырыбындағы зерттеу жұмыстарының басталуына Елбасының бағдарламалық мақалалары негіз болған. Ғалымдар шалғай өңірде орналасқан сакралды орындарды зерттеді. Бұрын-соңды айтылмаған бес жерасты мешіті мен жиырма шыңырау құдық тапты. Маңғыстау жұртына тән салт-дәстүр, аңшылық, қолөнер, зергерлік өнер, сондай-ақ өлке тарихына қатысты тың мәліметтерге қол жеткізді.

Айта кетейік, экспедиция мүшелері Ресей, Өзбекстан, Түркия мен Карачаево-Черкесск республикасында ғылыми іс-сапарлар ұйымдастырған. Олардың қорытындысы 235 беттік фотошежіреге жинақталды.

Мари Фаверо-Думенжу, Оксфорд университетінің ғылыми қызметкері /Ұлыбритания/

– Бүгінгі бағдарлама аясында Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымда жүрмелі семинар өтетіні қуантып отыр. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын да аралаймыз. Ең бастысы, ертең Амал мерекесіне арналған «Ұлы Дала көші» театрландырылған шарасына қатысуымыз жоспарланған.

24.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста