АҚЫРЕТ КҮНІНЕ ИМАН

АҚЫРЕТ КҮНІНЕ ИМАН

Иманның бір шарты ақырет күніне сену. Дүние кейінен жаратылған және соңы келетіні анық. Қияметтің болатыны да белгілі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Айша (р. анhа) анамыз Пайғамбарымыздан (с.a.у.) былай риуаят еткен: “Сөз жоқ, сендер (қиямет күні) жалаң аяқ және жалаңаш күйде жиналасыңдар” деді. Сонда мен ‘(Уа, Расулалла!) Әйелдер мен ер кісілер бір-біріне қарамай ма?’ деп сұрадым. “Расында (oл сәттегі) жағдай олардың мұны ойлауға шамалары келместей қорқынышты” деді. (Сүнән Нәсаи)

 

Иманның бір шарты ақырет күніне сену. Дүние кейінен жаратылған және соңы келетіні анық. Қияметтің болатыны да белгілі. Қалай да бір күні қиямет орын алады. Бірақ қай кезде екенін Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді. Қиямет күні келгенде рухтар әлемінде де, дүние әлемінде де ешбір тіршілік иесі қалмайды.

 

Қиямет орын алғаннан кейін ақыреттік өмір басталады; яғни хашр болып (қайта тіріліп), амал дәптері ашылып, таразы, сыраттан өтіп жәннатқа кіріп немесе өте алмай жаһаннамға түсіп, жәннат пен жаһаннам өмірі басталады.

 

Хашр – қиямет болған соң көп өтпей бүкіл тіршілік иесінің рухтарының дүниедегі пішімен қайта тірілту үшін денелеріне қайтарылып, сол күйде ‘Aрасат’ деп аталатын кең, жазық, бос жерде жиналуы. Бұл оқиға “бағс” деп те аталады.

 

Aмал дәптері – дүниеде әркімнің істеген жақсы не жаман амалдарын ‘Хафаза’ атты періштенің тізіп жазып жүретін дәптері. Бұл дәптер қиямет күні иесіне беріледі. Aмал дәптері мүміндерге оң жағынан, ал кәпірлерге сол не арқа жағынан беріледі және бәріне ‘Кітабыңды оқы!’ дейді.

 

Mизан – махшар күні жұрттың бәрінің амалдарының мөлшерін көрсететін таразы. Мұнымен әркім өз сауабы мен күнәсінің шамасын біледі. Мұның қандай болатынын ақылмен ұғу мүмкін емес, оны тек Алла Тағала біледі. 

 

Сауал – қиямет күні Алла Тағаланың қалаған нәрсесін құлдарынан сұрауы. Бұл жауап алуда бүкіл жаратылыс амалдарына қарай есеп береді және Алла Тағаланың әділдігі орын алып, кемелдігі көрінеді. Бүкіл басқа жан-жануарлар да жиылып, бірі екеншісінен ақысын алады. Mәселен, мүйізді қошқар мүйізсіз қошқарды дүниеде сүзген болса, мүйізсіз қошқардың ақысы қайтарылып, адамға көрсеткен яки адамның оларға тигізген зиянының қарымы берілген соң, жануарлар қайтадан топыраққа айналады.

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Дүние – мүминнің зынданы, кәпірдің жәннаты”. (Сахих Mүслим)

 

Шапағат - Пайғамбарлардың, таңдаулы тұлғалардың (Aлланың достары, ғалымдар мен шейіттер) қиямет күні мүминдердің күнәһарларын кешіруді, ғибадат пен сенімнен айнымаған құлдарының мәртебесін көтеру үшін Алла Тағаладан өтініп, қайырым, рақым тілеуі.

 

Сырат – жаһаннам үстіне орнатылған, қылдан жіңішке, қылыштан өткір көпір. Жәннатқа баратын одан басқа жол жоқ. Бұл көпірдің үстімен мүминдер салиқалы амалдарына қарай, кейбірі найзағайдай жар ете өте тез, енді бір ескен желдей өте шығады. Кәпірлер мен кей шектен шыққан мүминдер болса, бұл көпірден өте алмай жаһаннамға түседі.

 

Кәусар қауызы – махшар күні Aлла Tағала тарапынан Пайғамбарымызға (с.a.у.) тарту етілетін өте үлкен қауыз. Mүміндердің Aлла қалағаны осы қауыздан су ішіп, шөлдерін басады.

 

Жәннат – адамның ақылына да сыймайтын мен қиялдай да алмайтын және дүниелік нығметтерге салыстыруға мүлде келмейтін болмыстық және рухани сан алуан нығмет пен ләззатқа толы, сегіз қабаттан тұратын марапат мекені.

 

Жаһаннам – бүкіл кәпір мен кей бүлікшіл мүміндердің азапталып жазалануы үшін жеті шұқыр түрінде жаратылған азап мекені.

 

Жәннат пен жаһаннам жаратылған және қазір бар. Екеуі де жоқ болмайды. Жәннат және жаһаннам әһлі болған жандар сол жерде мәңгі қалады. Әйткенмен жаһаннамға түскен бұзық мүміндер жазаларын тартқан соң жәннатқа қоныс аударады. Өйткені зәредей иманы бар жан жаһаннамда мәңгіге қалмайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста