АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
 Адамдардың басына сондай бір уақыт келеді, олардың пайыз жемегені қалмайды, жемесе де шаңы оларға жұғады.
Пайызға - сауда, параға - сыйлық деп айтылады.
Адал - арам ұмытылады, "ақша болса болды, қалай келседе бәрібір" деп айтылады.
*Көптеген адамдар аз бір дүниелік нәрсе үшін дінін сатады.
* Қабірлер әшекейленеді, Құран пайда әкелетін табыс көзіне айналады.
* Құраннан тек қана суреті, Исламнан тек қана аты, мұсылманның тек қана тәні қалады.
* Үш нәрсе өте сирек кездесетін болады:
адал ақша,
амал ететін сүннет,
шынайы дос.
* Дүние істеріне мән беріліп, ақырет ұмытылады. Аллаһ тағаланың кітабымен үкім беру ұят саналады.
* Зәулім және көріністі ғимараттар жасалады.
* Өтірік куәгерлер және ажырасулар көбейеді, аяқ астынан болған өлімдер де өте көп болады.
* Ағайындармен қарым - қатынас үзіледі, сәлем тек қана танығандарға беріледі.
* Адамдардың көбісі мақтаныш үшін қажылыққа барады.
* Үлкендер мейрімсіз, кішкентайлар көргенсіз болады. Балаларды тәрбиелеу қасқырды үйретуденде қиын болады.
* Уақыт қысқарады. Бір жыл бір айдай, бір ай бір аптадай, бір апта бір күндей өте шығады.
Бір күннің өтуі бір жапырақтың жанғанындай тез болады. Еш нәрседе береке болмайды.
* Жақсылықтар мен жаңбырлар азаяды, зілзала мен селдер көбейеді.
* Еркектер өздерін әйелдерге, әйелдер еркектерге ұқсатады.
* Өсек - аяң жайылады.