Әр адам ажалдың дәмін татады

Әр адам ажалдың дәмін татады

Қазақ «өзекті жанға бір өлім» дейді. Оның мәні: ажалдан қашып құтылушы жоқ, әр пенде міндетті түрде өледі дегенге саяды. Өкініштісі сол, барша жұртқа әйгілі осы ақиқатты адамдардың 99 пайызы мүлдем ескермейді, өздерін мәңгі жасардай көріп, ажалды естеріне алмайды. Ондай қаперсіз жандарға ажал күтпеген жерден келіп, бар жиған-тергенінен, мансабы мен байлығынан, атағы, бала-шағасынан, дос-жарандарынан түгел айырады. 

Миллиардер өлді

Күні кеше әлеуметтік желілерде Қазақстаннан шыққан миллиардер Алиджан Ибрагимов дегеннің корноновирус дертінен өлгендігі туралы айтып, жазды. Соңында 2,5 миллиард доллар байлығы қалған миллиардер 67 жасында дүниеден өтіпті. Ол байлыққа қалай жетті, адал жолмен бе, ұрлап-жырлап алды ма &ndash біздің онда шаруамыз жоқ. Басты мәселе, сонша байлығы бола тұра, ол өзінің өмірін бір сәт те ұзарта алмады. 67 жас деген оншалықты жер таянып тұрған қарттық шақ емес.

Ал енді осы миллиардер о дүниеге не алып кетті? Өмір бойы жиған байлығы, бала-шағасы, дос-жары, дүние-мүлкі, фирмалары мен компаниялары, т.б. &ndash бәрі қалды ғой. Әрине, бұл арада біреулер бөтен адамға емес «өз балаларына қалды» деп көңіл жұбатуы мүмкін. Бірақ өлген соң байлығың балаларыңа қала ма, бөтен адамдарға қала  ма &ndash одан өлген жанға көк тиын да пайда болмайды.

Өлген адам бақи дүниеге 2 нәрсені ғана әкете алады: 1-сі: тіршілігінде жасаған сауаптары, яғни  мұқтаж жандарға көмегі, Алла жолында шалған құрбандықтары мен берген қайыр-садақалары, Алланың разылығы үшін жасаған тағат-ибадаттары түріндегі рухани қуат; 2-сі: өмірінде жасаған күнәлары, ол арам жолмен ақша табуы, жасаған зинасы, адамдарға қиянаттары, шариғат заңдарын бұзып, тыйым салынған нәрселерді жасауы, арам тамақ-ішімдікті ішуі, т.б. түріндегі жинаған лас қуаты.

Міне, осы 2 нәрсені о дүниеге арқалап әкететін пенде күнәсі көп болса, тозаққа түсіп, азабын тартса, сауабына орай жұмаққа кіріп жан рахатына кенелмек. Тағы бір назар аударатын нәрсе: бұл дүниеде бәрін ақшаға сатып алуға, тамыр-таныстықпен мәселені шешуге болса, қиямет сотына тартылған пенде шаңның тозаңындай да әділетсіздік көрмейді, яғни жинаған барлық сауаптары мен күнәлары түгел алдынан шығады және соған лайық не жазаға тартылады, болмаса марапатын алады.

Ал енді Алиджан Ибрагимов есімді миллиардер о дүниеге не алып кетті десек, барша пенделер сияқты 1-сауабы мен 2-күнәларын арқалап әкетті. Енді сол тірлігінде жинаған сауабы мен күнәлары үшін не жазаға тартылып, болмаса марапатын алады. О дүниеде «міне, атақты миллиардер келді, төрден орын беріңдер» деп ешкім айтпайды және оның ақшасына, мансабына ешкім көз қырын  да салмайды.

Түйін: Ажал адамға айтып келмейді және ажалдан қашып құтылушы жоқ. Осы ақиқатты ұмытпай, әрдайым жадында ұстаған, жәй жадында ұстап қоймай, сауапты істерді көбірек жасап, о дүниедегі жайына көңіл аударған адам екі дүниеде де ұтады. Өйткені, сауапты істер жасаған адам айналасына сүйкімді болады, жақсы мінезімен, әрекеттерімен жұрттың қадіріне бөленеді, ал өлген соң сауаптары үшін жұмақ нәсіп болады. Жоғарыда айтқан миллиардер сияқты мәңгі жасардай көріп тек осы дүниенің қызығына ұмтылған жан күтпеген жерденк елген ажалдың алдында дәрменсіз болып, барынан айрылады және күналары үшін тозақ нәсіп болып, үлкен өкініште қалады.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста