ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС

ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС

Ақида ілімі (иғтиқад,наным сенім) - Алланы тануды, пайғамбарға иман келтіруді, ахирет күніне сену тақырыптарын қамтиды.

 

Шариғат ілімі (заң) құлшылык, тіршілік, неке және қылмыс тақырыптарын қамтиды. Ахлақ ілімі сонымен қатар, жақсылықты, сыпайылықты және Алланың бергендеріне разы болуды қамтиды.

 

Біз осы ізгіліктерді қамтитын «ихсан» жайлы сөз қозғайтын болсақ, ихсан ілімі пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім.

 

Ихсан сөзінің тілдік мағынасы "жақсылық" " игілік" деген ұғымды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы бір істі қолға алғанда оны ең әдемі, ең кемел түрде жасау деген сөз.

 

Құлшылықта Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау, тіршілікте адал болу, мінез - құлықта  көркем сипатта болу керек.

 

Бірде Айша анамыздан (Алла одан разы болсын): - Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінез құлқы қандай еді? -, деп. Сонда Айша анамыз (Алла одан разы болсын): Сіз Құран оқисызба? Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  мінезі Құран еді деп жауап берген.

 

Демек, біз мұсылман қауымы үлгіні Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алуымыз керек. Ал, мінезіміз Құран қағидаларына сәйкес болуға тиіс. Алланың Құранда бұйырғанын істеп, тыйғандарынан тыйылуымыз керек.

 

Құран Кәрімде "Ниса" сүресі 36-шы аятта: "Аллаға құлшылық етіңдер. Оған ешнәрсені ортақ етіп қоспаңдар. Әке- шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық жасаңдар." делінген.

 

Қазақ халқында "Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі. Жамандыққа жақсылық ер адамның ісі" дей отырып ұрпақты көркем мінезділікке, жақсылыққа, турашылдыққа, мейірімділікке баулыған. Ата- әжелеріміз Құран хадисті оқып қана қоймай оны бойларына сіңіріп, күнделікті тіршілігінде көрсеткен. Басқалар ондай кісілерге яғни, ой тазалығы мен көркем мінездеріне тәнті болып "сопы, момын, пірадар" деген атақтар берген. Бұл ұғымдардың бүгінгідей бөлініп алып топ құрып жүргендерге қатысы болмаған.

 

Бір сөзбен айтқанда кешегі дана бабаларымыз  мұсылмандықтың шынайы көрінісін көрсетті. Аллаға шүкір, біз де осындай тектіліктің арқасында бүгінде мұсылмандығымызды бекемдеп келе жатырмыз.

 

Демек, мұсылман адам әрдайым жақсылықтың шыңында жүреді, ізгі ісімен көпке үлгі болады. Осындай ізгіліктер біздің де бойымыздан табылып, іс- қимылымыздан көрініс беріп тауып жатса, мұсылмандықтың шынайы бейнесі қалыптасады.

 

Алла Елшісі үмметін осылайша тәрбиелеп, көркем мінезге, жақсы әдепке шақырған болатын. Олай болса, біздің міндетіміз рухани деңгейімізді көтере отырып, әрдайым Алланың құзырында, қорғауында екендігімізді сезініп жүру. Осындай дәрежедегі пенделерін Жаратқан иеміз былайша сүйіншілейді. «Күмәнсіз ихсан иелеріне Алланың рахымы өте жақын» ( Ағраф сүресі, 56-аят)

 

 

 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы

Ермахан Оралбай Әділбекұлы

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста