Арақ екі дүниеде де абыройдан айырады

Арақ екі дүниеде де абыройдан айырады

Пайғамбарымыз (с.а.у.)  меккеде болған кезде арақ-шарапты кім ішсе де, күнә болып саналмайтын. Сол себепті ол кездегі мұсылмандар шарапты іше беретін болған. Өйткені, ол кезде құранда бұл туралы: «құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ-шарап және көркем сусындар, қоректер жасап аласыңдар» ,-деген аят бар болатын.  (нахыл сүресі, 67-аят)

Алла елшісі  (с.а.у.)  меккеден мадинаға хижрат еткеннен кейін де арақ ішіле берді, тек шәууәл айында ғана тиым салынды. Имам Ахмад бин Ханбалдың Әбу Һурайрадан  (р.а.)  жеткізген хадис бойынша арақ үш мәрте біртіндеп харам етілген. Бірде хазреті Омар  (р.а.)  және Әбу Ас ибн Жәләл сяқты атақты сахабалар пайғамбарымыздан арақ және құмар жайында пәтуә сұраған. сонда Алла елшісі  (с.а.у.) : « арақ ақылды жояды, құмар малды жоғалтады» ,-деп өсиет етті. Осыдан кейін Алла Тағала тарапынан мына аят түсірілді: «олар сенен арақ және құмар турасында сұрайды. сен айт:“оның екеуі де зор күнә. аздаған пайдасы болуы мүмкін, бірақ, күнәсі пайдасынан әлде қайда ауыр» .  (Бақара сүресі, 219-аят) . Өйткені надандық дәуірінде арақ-шарап өлшеусіз ішіліп, құмар да көп ойналатын еді. тіпті, құмардан түскен пайда жетім-жесірге үлестірілетін. Осы аят түскен соң кейбір сахабалар арақ ішуін тоқтатты. ал, кейбірі жалғастыра берді.
Арада быраз уақыт өткен соң Абдуррахман ибн Ауф  (р.а.)  көпшіліктің басын қосып қонақ асы береді. шақырылғандардың бәрі ішып-жеп болғаннан кейін ақшам намазын оқуға кірісті. Араларынан бірі имам болды. Имам болған сахаба мастығынан «кәфирун» сүресінің «ла»  (жоқ)  сөзін қалдырып кетіп шатасып оқыды. Осы оқиғаға байланысты мына аят түсті. « Ей, иман келтіргендер! Егер сендер не айтқандарыңды білмейтін дәрежеде мас болсаңдар, тазармайынша, намазға жоламаңдар» ,-деп бұйырды.( Ниса сүресі, 43-аят)
 Осы уахидан соң кейбір сахабалар арақты біржолата тоқтатты. Кейбірі құптан намазынан кейін ішіп, таң намазына дейін мастығын тарқатса, ал кей біреулері таң намазынан кейін ішіп, келесі намазға дейін мастығын тарқатып, намазға тұрып жүрді.
Бір күні ансарлардан болған Утбан ибн Мәлік  (р.а.)  бір қонақасы беріп, барлығы сол жерге жиналды. келгендер ішкілік ішіп мас бола бастады. Бір-бірінің намысына тиіп, тіл тигізе бастады. Өз ру, тайпаларымен мақтанысып, екіншісінің тегі мен қауымын кемсітті. Сол кезде Сағд ибн Әбу Уаққас өлеңдетіп қисса оқыды. Өз қауымын мақтап, ансар қауымының намысына тиды. Ансарлардың бірі мүжіп отырған сүйекпен Сағдтың басын жарды. Ол кісі пайғамбарымызға  (с.а.у.)  келіп шағымданды.
Осы кезде омар  (р.а.)  қолын көкке көтеріп Алладан: « Ей, Раббым! Бізге арақ-шарап жайында ашық, анық аяттарыңды білдірте гөр» ,-деп дұға тіледі. Осыдан кейін көп ұзамай: « Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, бұтқа табыну, оқпен бал ашу, бәсекелесу шайтан ісі – жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем десеңдер, шайтанның ісінен аулақ болыңдар. негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Сонда да тиылмайсыңдар ма?» ,-деген әятпен араққа ашық тиым салынды.  ( Майда сүресі, 90-91 аят) . Осы аяттың:“ Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбеисіңдер ме?“,- деген сөйлеміне келгенде Омар  (р.а.) : « Тоқтаттық! Біз доғардық» , – деді. Бұл аяттар ұхұд соғысынан кейін хижраның үшінші жылы яғни, құран түсіп бастағаннан он алты жыл өткен соң түскен еді. Осы аяттың түсуімен арақ атаулы харам етілді. Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  әмірімен арақ-шарап харам делініп, көшелерге, базарларға хабарландырулар ілініп, халыққа үндеу тасталды. Арақ ішкендер ауыздарын шайып, қолдарын жуды. Бұлары қайта ішпейміз дегені еді. Үйлерінде неше жылдардан бері сақталып келе жатқан арақ-шараптарын көшеге төкті. Мадина қаласында арақ таусылғанша көшелерде суша ағып жатты. Міне осылайша шайтанның суы араққа  Алла тарапынан айрықша аят түсіп, тиым салынды.
Харам нәрсені пайдалану – мұсылманға, мұсылмандыққа жат. Сондықтан оларды пайдалануға рұқсат жоқ. Бұл жөнінде Айша анамыздан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нан битғ туралы сұрапты. (Битғ – балдан ашытып жасалатын арақ. Оны йемендіктер ішетін). Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлық ішімдік ақылдан адастырады, сондықтан ол – харам. Алла тағала арақ ішуші мен іштірушіні, сатушы мен сатып алушыны, ашытып жасаушы мен жасаттырушыны, алған мен алдырушыны лағынет етті», — дейді.(Бұхари)
Арақ ішудің күнәсі үлкен. Арақ адамның ниетін бұзып қана қоймайды, оны адамдық келбетінен айырып, хайуанға айналдырады. Жүрегін қарайтып, көңілін бұзады, абыройын кетіреді. Тек ақыл-ойына ғана емес, денсаулығына, отбасына, туыс-туғандарына, айналасына, қоғамға жан-жақты зиянын тигізеді.
Арақтың басты зияндары:
Біріншіден : Арақтың адам ағзасына зияны. 1. Бастың қатты ауруы. 2. Көздің бұлдырауы. 3. Ақыл-сана, абырой, намыстан айыруы. 4. Ағзаның ауруларға қарсы тұратын күш- қуатының жойылып, әлсіреуі. 5. Отбасы мен адамдар арасындағы дау-жанжалға қалдыруы. 6. Ми, бауыр, жүректің зақымдануы. Ұзақ уақыт араққа салын-ған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды.  7. Алкоголь ас қорыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады. 8. Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалармен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.
Екіншіден : Арақтыңкүнделікті тіршіліктегі зияны.1. Арақ ақшаны ысырап етеді және ақылдан айырады.2. Араққор арақ ішкенде жындыға айналады, жас балаларға күлкі болады, ақылды адамдардан сөз естиді.3. Араққорлық аға- йын-туыс пен достардың арасына араздық кіргізеді.  4. Әлбетте, арақ ішу Алланың зікірінен және намаздан қайтарады. 5. Арақ адамды арсыздыққа, зинақорлыққа алып барады. Өй-кені арақ ішіп, мас болып, өзі білмей әйелін талақ етеді. 6. Арақ- барлық жамандықтың кілті. Арақ ішкен адам кез-келген күнә іске бейім болады.
Үшіншіден: Арақтың адамның дініне зияны. 1. Азғындық жолына
кіріп, арақ ішкен адамның сасық иісінен барлық қорғаушы періштелер қашады. 2. Шариғат бойынша арақ ішкен адамға 80 дүре соғу – уәжіп. Егерде бұл дүниеде ұрылмаса, ахиретте ата-анасының және достарының алдында оттан болған қамшымен ұрылады. 3. Арақ ішуімен аспан есіктерін жауып қояды. Өйткені бір мәрте арақ ішкен кісінің жақсылық істері және қылған дұға – тілектері, оқыған намаздары қырық күнге дейін қабыл болмайды. Бұл туралы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деп айтылған: «Үмметімнің ішінен ішкілік ішкен адамның қырық күнгі намазын Алла Тағала қабыл етпейді». Осы хадиске қатысты имам Суити былай деген: «Адам бойына тараған ішкіліктің толық жойылу мерзімі – қырық күн».(Муслим)4. Арақ ішуші адам уайым-қайғыға түседі. Өйткені ол өлер уақытында имансыз кетуі мүмкін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағала ішкілік ішкен кісінің қы-рық күндік намазын қабыл етпейді. Осы қырық күн ішінде өліп кетсе, ол адам тозаққа түседі. Алла Тағала оған назар да салмайды». (Тирмзи)
Төртіншіден : Ахреттегі зияны. 1. Тозаққа түсуге себеп болады. Әби Әмама Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткізген мына бір хадисінде 3 түрлі адам жәннатқа кірмейтіндігін жеткізген: «Олар: Біріншісі араққа салынған адам, екіншісі туысынан безген адам, үшіншісі сиқырды – шындық деген адам. Кімде-кім арақтан өлсе, Алла тағала заният тозағындағы «ғута» деген сасық және исінің өзі тозақ еліне азап берген өзенінен ішкізеді».(Бұхари) Осы хадистерге қарағанда арақтың адам баласына, дүние-ахиретіне еш пайдасының жоқ екенін көреміз.  2. Тозақ отына күйдірілген адамның денесінен ағатын іріңді су ішкізіледі.Абдулла ибн Омар пайғамбардың мынандай сөзін келтіреді: «Мас болып, намазын бір рет қаза қылған кісі үлкен қиыншылыққа ұшырайды, құдды бүтін дүние оның мүлкі еді, ол содан мақрұм болды. Мас болу себепті намазды төрт рет қаза қылған адамды Алла Тағала ахиретте фасад суымен сусындырады, яғни ондай адамдарға фасад суын ішкізеді.
«Фасад суы» деген қандай су? – деп сұрапты сахабалар. Тозақ отына күйдірілген адамның денесінен ағатын іріңді «фасад суы» дейді, – деп жауап берген».(Муслим) 3 . Алланың қарғысы болады. . Мұхаммед (с.ғ.с.) шарапқа байла-нысты мынандай он нәрсеге қарғыс айтқан : « Шарап жемісін сығуды талап еткенге, оны сығушыға, шарап иесіне, шараппен сауда жасаушыға, шарапты сатып алуды талап етушіге, шарапты сатып алған адамға, шарап саудасынан пайда тапқанға, шарап ішкенге, ішушімен дастар-қандас болғандарға, арақ-шарапты алып келген адам».(Бұхари)
Жүсіп Баласағұни атамыз да:
Шарап ішпей, бәледен жүр қашықта,
Байқа, атанба зинақор да, пасық та.
Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,
Олар тонын кедейліктің кигізер, –  деген екен.
Атам қазақ :  Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені,– деген.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады.
Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.
Арақ – адамға ең ауыр соққы беретін дерт. Елімізге осы арамнан түскен пайданың жақсылығы болмасы хақ. Өйткені, арақ кесірінен болған кісі өлімі, жол және өндірістік апат шығынын ешбір қаражат қайта қалпына келтіре алмайды. Оны жай қарапайым адамнан бастап ең білікті экономист те растайтын болар. Қоғам бұл қасіреттен айығу үшін барлық күрес тәсілін қолдану қажет.

Серік Шәріп
Алматы обылысы Алакөл ауданы,
Үшарал қалалық мешіт бас имамы,
taglym.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста