Арғы дүниеге барып келдіңдер ме дейтіндерге жауап...

Арғы дүниеге барып келдіңдер ме дейтіндерге жауап...

Су астындағы балықтарды елестетіп көріңізші. Олар өзара сөйлессе не дер еді.  Бұл ретте жер беті олар үшін басқа әлем екенін ескергеніңіз жөн. Себебі біздің әңгіме олар өмір сүретін су асты әлемі мен біз өмір сүретін жер үсті әлемі турасында болмақ.

Бірде көпті көрген қарт балық жас балықтарды жинайды. Өмірлік тәжірибесімен бөлісуді жөн көрген қарт су бетінде арғы дүниенің бар екенін, онда адам деген жаратылыс тұратынын айтады. Оның екі аяғы, екі қолы барын түсіндіріп, ол өте қатыгез әрі айлакер екенін хабарлап, біраз сипаттап береді.
– Ең қорқыныштысы сол, ол бізді ауына түсіреді, қармақ тастап ұстайды. Содан кейін ол біздің әдемі қабыршықтарымызды аршып, ішек-қарнымызды ақтарады. Кейбірімізді тұзға, ал басқамызды отқа қақтап жейді. Кейде ыстық қазандағы шыжыған майға қуырады. Ол біздің жанұшыра айғайлағанымызды елемейді де. Сол үшін әрдайым сақтық танытып алды-арттарыңа қарайлай жүріңдер, қармақтағы жылтыраған, алдамшы дүниеге алданып, "тәтті тұзаққа" түсіп қалмаңдар!  - деп ескертті қарт балық.
Ол жөніне кеткеннен кейін артында қалған майшабақтар:
— Судың үстінде басқа өмір бар дей ме?!
— Оны кім көріп кепті?
- Ол жақта өмір жоқ!
- Өтірік айтады, - десті шуласып.
Сол-ақ екен, алдарынан жауынқұрт ілінген қармақ шыға келмесі бар ма?! Шабақтар лап қойғылары келіп еді, манағы қарттың сөздерінен секем алып қалса керек, бірден батпай тұрып қалды. Ойлары сан-саққа жүгіріп:
— Бәлкім, әлгі қарттың айтқаны рас болар, а?!- деді біреулері.
— Иә, аулақ жүрейікші.
— Қойыңдаршы! - деді біреуі екіленіп. — Мен білем, о жақта түк те жоқ. Мен әлгі алжыған шалдың айтқандарына көзімді жеткізбей сене алмаймын, оныкі құр сөз. Қара да тұрыңдар, сендер жемесеңдер мен жеймін, сосын өздерің ақымақ болғандарыңа күлетін боласыңдар - деді де, жемтікке жетіп барып, жалма-жан жұтып жібермек болады. Ал, қармақтың имек темірі оның өңешіне қайта шықпастай қадалып бірден судан суырып әкетіп, көзден ғайып болды...
     Бұл бір мысал мына сіз бен бізге қатысты. Ары қарай не болды деген сұрақ жауапсыз қалды білем. Оны әркім өзі ойлап, топшалағаны дұрыс. Себебі бізде де сол балықтар сияқты "Арғы дүние, о дүние бар ма, жоқ па?" деген сұрақтарға жауап таппай жүрген жандар қаншама! Соларға бір насихат болсын деген ниеттен бір екі сөз қорытынды айта кеткім келіп отыр:
     Айтыңызшы әлгі балық қайтып келіп, "Иә, мені қуырып жеді, ол шынымен бар екен" - деген сияқты әңгіме айта ала ма? Жоқ, әрине. Мұны кез келген ақыл есі бүтін жан иесі түсінсе керек. Біз арғы дүниені көрмей оған иман келтірдік. Сол себепті де біз мұсылманбыз. Бізде о дүниені көрген Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бар. Біз осыған да иман келтірдік. Бұл, "Арғы дүниені көрген кім бар екен, осы?" дегендерге түртіп алар дүние. Осы пікірді ұстанған жан бір ойланса екен, пайғамбарлардан басқа о дүниені көріп, хабар әкелген адамдар жоқ. Сол себепті жаныңыз саудаға түскен бұл сынақ дүниеде ұтылып қалмау жолын ойластырғаныңыз жөн-ау!

www.asylarna.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста