Астанада жаңадан 4 мешіт салынады

Астанада жаңадан 4 мешіт салынады

Астанада қосымша төрт мешіт салынады. Бұл туралы «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында өткен конференцияда Астана қаласының дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуренов мәлім етті.
«Соңғы бес жылда мешіт салуға 4 жер учаскесі бөлінді. Атап айтқанда, «Көктал-1», «Көктал-2», «Өндіріс» және «Ильинка» кенттерінде. Жалпы алғанда, егер келер жылы құрылыс жұмыстары қолға алынса, Астанадағы мешіттер саны 10-11 жетеді», – деді Жорабек Дәуренов.
Оның айтуынша, елордада Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда діни нысандардың құрылысы бойынша белсенділік абйқалмайды.
«Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда мыңға жуық мешіт бар, соның ішінде 20-30-ы соңғы үш-төрт жылда салынған, ал Астанада соңғы жеті жылда мешіт саны 4-тен 8 дейін артқан», – деп қорытты Жорабек Дәуренов.
Еске салайық, Астанада «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» атты үш күндік семинары өтіп жатыр. Шара Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу саласында қызмет атқаратын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің білімін нығайтуға, біліктілігін және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған. Семинар аясында дін саласындағы заңнама, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктердің еліміздегі қызметі қаралып, Қазақстанның мемлекеттік-конфессиялық саясаты түсіндіріледі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста