Ата-ананы қандай жағдайда тыңдамау керек?
Ассалаумағалейкум!
Менің сұрағым, ата-анамның қандай бұйрығын орындамауға ақым бар? Сәлеммен, Тәуба.
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Алла Тағала ата-анаға жақсылық етуге әмір етеді. Ата-ананы құрметтеу және ерекше қадірлеу &ndash әрбір мұсылманның перзенттік парызы. Құран Кәрімде: «Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт...[1]», &ndash делінген.
Демек, әке-шешені тыңдаумен Алла әміріне қарсы келуге тыйым салынады. Алладан басқа бір нәрсеге құлшылық етуге тәрбиелесе, онда ата-анаға бойұсынуға болмайды. Және хадисте: «Жаратылған (пендеге) бойсұнумен Жаратқанға күнә жасау жоқ[2]», &ndash деп айтылған. Мысалы, дүкеннен арақ-шарап әкелуге жұмсаса, онда тыңдамау керек. Тыңдамау &ndash қарсы шығу емес. Сондықтан, қандай жағдайда болмасын ата-анаға мейлінше жұмсақ қарым-қатынас жасау &ndash перзентке міндет.
Түйіндей айтатын болсақ, тек бір жағдайда ғана атап айтқанда, Алла Тағалаға серік қосу және күнә амалдарға бұйыратын сөздерінен басқа барлық жағдайда ата-ананың сөзін екі етпеу қажет.