Әулие София соборы мешітке айналды

Әулие София соборы мешітке айналды

Стамбулдағы Әулие София соборы (Айя-София) мұражай мәртебесінен айырылып, мешіт ретінде тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияның мемлекеттік кеңесі Стамбулдағы Әулие София соборына мұражай мәртебесін беру туралы ел үкіметінің 1935 жылғы қаулысының күшін жойғаны белгілі болды. Бұл шешім Түркия билігіне Айя-София мұражайын мешітке айналдыруға заңды мүмкіндік берді.

Әлемдегі көптеген дін қайраткерлері мен мәдени ұйымдар бұл қадамға қарсы шығып, ескерткіш барша адамзатқа тиесілі деп мәлімдеді.

Түркия соты бұл мәселе бойынша 2 шілдеде түпкілікті шешім қабылдауы керек еді, бірақ 17 минуттық талқыаудан кейін сот үкімін 15 күннің ішінде жариялайтындығын мәлімдеді.

Собордағы алғашқы үлкен намазды 15 шілдеде өткізуге болады.

Айя-София мұражайының мәртебесін қайта қаралатындығы туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өткен жылы көктемде айтқан. Бұл Иерусалимді Вашингтон тарапынан Израильдің астанасы деп тануына өзіндік жауап болғаны хабарланды.

Әлемдегі реакция: 

АҚШ, Греция, Ресей және Түркияның саяси және діни қайраткерлері мұражайды мешітке айналдыру жоспарына қарсы шықты.

Греция бұл шешімді "ашық арандату" деп атады.

ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын БҰҰ ұйымы) болған оқиғаға өкініш білдірді. 1985 жылы мұражай ғимараты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.

Орыс православие шіркеуі бұл шешімді айыптап, миллиондаған христиандардың сезімдері ескерусіз қалды деп мәлімдеді.

Константинополь патриархы Варфоломей Айя-София мұражайын мешітке айналдыру бүкіл әлем бойынша миллиондаған христианды исламға қарсы қоюы мүмкін  мәлімдеді. "Әулие София соборы мұражай ретінде христиан мен ислам арасындағы кездесу, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің орны және символы", - деді ол.

Түркия СІМ-де Анкара собордың мәртебесін басқа мемлекеттердің пікірін ескермей өзгертуге құқылы деп мәлімдеді.

Әулие София соборы Стамбулдың басты нышандарының бірі және қалаға келген көптеген туристер үшін тартымды орын.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста