Ауызашар берудің пайдалары мен сауабы қандай?

Ауызашар берудің пайдалары мен сауабы қандай?

 Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Бұған байланысты кейбіреулер оразаны міндетті түрде беру керек пе, жағдайым келмей жатса ше, дастарханның ағыл-тегіл болуы міндетті ме деген сынды сұрақтар қойып жатады.

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40). Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расулалла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? – деді. – «Бір тілім нан берсін» – деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» – деді (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431.)

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың біреуі бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндігі жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады», – деп жауап береді (Бәйһақи). Тағы бір хадисте: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген. Міне, бұл хадистерден байқағанымыздай, ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Ең бастысы – Алланың разылығын табу ниеті болса болғаны.

Ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі.»дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расулуллаһ былай деп жауап берді:

«Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады.» (Бәйһақи)

Тағы бір хадис шәрифте былай делінді:

«Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады.» (У. Нәжат)

Ас беру өте үлкен сауап болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.

Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» дегенінде, сахабалар «Суға тапшылық болған кезде ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз алейһиссалам оларға «Қаласа өзен жағасында берсін, бәрібір» деп жауап берді. (У. Нәжат)

Ас беруді ниғмет деп білу керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту.»(Исфахани)

«Аллаһу та’ала тамақ жегізетін жомарт құлымен періштелеріне мақтанады.» (Имам Ғазали)

«Қонақ дастарханда отырғанынша, періштелер үй иесіне дұға етеді.» (Табарани)

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, бұлар жылы сөйлейтін, тамақ жегізетін және барлық адам ұйқыда жатқанда намаз оқитындар үшін.» (Тирмизи)

«Досына, оның жақсы көретін тамағын әперген адамның күнәлары кешіріледі.» (Бәззар)

Дос-жарандарға тамақ беру садақа беруден абзал болады. Хазреті Әли былай деген: «Достарға жегізген бір наным, кедейлерге берген бес нанымнан құнды. Достармен желінген тамақ, құл азат етудан де абзал.»

«Ол мені тамаққа шақырмайды, мен оны неге шақырайын» деп айтпау керек. Тамаққа шақырғанда да, тамаққа бара жатқанда да тек Аллаһ разылығын ойлау керек.

Күнә істелетін жерге тамаққа шақырса бармау керек. Кедейлердің шақырғанына бармай, байлардыікіне бару – тәкаппарлықтың белгісі. Өзінен төмендердің үйіне бару – қарапайымдықтың белгісі.

Үйлену асына шақырылған адамның баруы сүннет, басқа шақыруларға бару мүстаһаб болады. Кейбір ғалымдар “үйлену асына бару уәжіп, басқа шақыруларға бару сүннет” деп білдірген. Мұсылманның мұсылманға міндеті болған бес ақысының біреуі шақыруына баруы болып табылады. Хадис шәрифте де «Шақырған жерге барыңдар» делінген.(Мүслим)

Көп шығынданып, әуреге салынып шақырылған жерге бару керек емес. Сараңның да шақыруына бару керек емес. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Жомарт адамның асы шипа болады, ал сараңның асы ауру тудырады.» (Дәйләми, Хаким, Ибн Лал, Дарә Кутни, Хатиб)

Шын көңілмен шақырылған жерге бару керек. Хадис шәрифте былай делінді: «Мұсылман бауырына сый көрсеткен адам, Аллаһу та’аланы да сыйлаған болады.» (Исфахани)

«Екі адам бір уақытта шақырған жағдайда есігі жақын болғанына бар! Өйткені есігі жақын болғанының ақысы бірінші келеді.» (Бухари)

«Шақырылған жерге бармаған адам Аллаһ пен Расулына қарсы шыққан болады.» (Бухари) (Дініміздің осы тақырыптағы әміріне мойынсұнбаған болады.)

islamdini.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста