АУЫЗАШАР САУАБЫН АШТЫРҒАН АЛА МА ӘЛДЕ ТОЙДЫРҒАН БА?

АУЫЗАШАР САУАБЫН АШТЫРҒАН АЛА МА ӘЛДЕ ТОЙДЫРҒАН БА?

Ораза ұстаған адамның ауызын аштыру – мұстахаб, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Зайд ибн Халидтен жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

 

من فطَّر صائمًا كان له مثلُ أجره، غير أنه لا ينقصُ من أجر الصائمِ شيئًا

 

«Кім ауызы берік адамның ауызын аштырса, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады. Ауызы берік адамның сауабынан ешнәрсе кемімейді»[1], - деген.

 

Тағы бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім рамазан айында ораза ұстаған адамға ауыз аштырса күнәлары кешіріліп, тозақ отынан құтқарылуына себеп болады. Оған қоса ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады.

 

Ауызы берік адамның сауабынан ешнәрсе кемімейді», – деп айтқанда, сахабалар: «Уа, Расулуллаһ! Баршамыздың бірдей ауызы берік адамның ауызын аштыруға жағдайымыз келмейді» дейді.

 

Сонда ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала бұл сауапты құрмамен немесе сумен, яки аз ғана сүтпен аштырғанға да береді. Ал кім ораза ұстаған адамды тойдырса, Алла оның күнәсін кешіріп, менің  хауызымнан (Кәусар бұлағы) жәннатқа кіргенше шөлдемейтіндей сусындаттырады»[2], - дейді.

 

Ауызы берік адамның кедей болуы шарт емес. Хадистің мәтіні кедейді де, байды да бірдей ішіне алады. Бірақ мұқтаж жанның ауызын аштырған абзал. Себебі ол ауыз аштырумен қоса мұқтаж жанға садақа берген болып саналады[3].

 

Осы ретте ғалымдардың арасында хадистегі «ораза тұтушының ауызын аштырудың» мағынасы туралы екі көзқарас бар:

 

1. Ауызды бір құрмамен аштыру арқылы да ауызашар сауабына ие болады. «Нузһату әл-муттақин» атты кітапта: «Құрма немесе бір шыны сумен болса да ауыз ашатын бір нәрсені берумен ауыз аштырған болады»[4] делінген.

 

2. Ауызашар сауабына жету үшін тойдыру қажет дейді. Өйткені бұл ораза ұстаушыға түні бойы құлшылық етуіне пайдасы тиеді, тіпті сәресін ішуге де қажеттілік туындамауы мүмкін. Ибну әл-Мәләк: «Ауыз аштыру – ораза ұстаушыны тамақтандыру», дейді.

 

Оны Мулла әл-Қари: «Яғни ауызын аштырып жатқанда (тамақтандыру керек)» деп түсіндіреді[5].

 

Ибн Муфлих былай дейді: «Имам Термизидің Зайд ибн Халидтан жеткізген хадисі кез келген нәрсемен ауыз ашуға болатынын білдіреді. Салман Фарсидің жеткізген риуаятында ораза ұстаушыны тойдырудың сауабы мол болатындығы айтылған. Біздің шейхымыз ауыз аштырудың мақсаты қарынды тойдыру деген»[6].

 

Әл-Мәнәуи: «Ауыз аштыру – кешкі асты берумен, сондай-ақ құрмамен де жүзеге асады. Егер бұған шамасы келмесе сумен аштырады»[7], деген.

 

Сондықтан ауызы берік адамды тамақтандырып тойдырған адам да, құрма немесе су беріп ауызды аштырған да сауапқа кенеледі. Алайда тойдырған адамның сауабы мол болады.    

 

 

 

Исламқұл Иманқұлұлы

Шымкент қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман  

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста