Ахбаш жамағаты немесе хабашилер дегеніміз кімдер?

Ахбаш жамағаты немесе хабашилер дегеніміз кімдер?

Ислам тарихының алғашқы ғасырларынан бастап-ақ мұсылмандардың арасында әртүрлі мәселелерде көзқарас айырмашылықтарына байланысты ағымдар мен топтар бой көрсете бастады. Кейінгі ғасырларда да саяси, мәдени, діни, жағрапиялық ерекшеліктерге байланысты ағымдар мен бағыттар шығып отырды. Бұлай болуы заңды да. Өйкені діни тұрғыдан нақты белгіленбеген нәрселерде жаппай барлық адамның бір көзқарста болуы да мүмкін емес.

Алайда соңғы ғасырларда діни сипатынан гөрі саяси сипаты басым ағымдар тарих сахнасына шыға бастады. Оған Таяу Шығыстағы келеңсіздіктер мен ислам елдеріндегі саяси тұрақсыздық та әсер етті. Енді бір топтар кең таралған ағымдарға балама ретінде шығып отырған. Араб-мұсылман әлеміндегі осындай ағымдардың бірі – ХХ ғасырдың екінші ғасырында шығып-ақ өзіндік ұстанымдарымен артынан ілесушілер жинап үлгерген хабашилер немесе ахбаш жамағаты.

Ахбаш сөзі – Хабаш сөзінің көпше түрі болып, хабаштықтар, эфиопиялықтар дегенді білдіреді. Негізін салушы Абдулла әл-Хабашиге байланысты осылай аталған. Ахбаш жамағатының ресми құрылымдары Жамиғатул-Мәшәриғил-хайриятил-Исламия/ The Association of Islamic Charitable Projects (А.І.С.Р) немесе қысқаша «машариғун» деп аталады.

Сонымен қатар Абдулла әл-Хабаши әл-Харариге байланысты «әл-Харариюн» деп те аталады. Алғашында олар өздерін «Әтбағул-Жәмғия» немесе «әл-Мәшариғуюн» деп атаса да «әл-Ахбаш» есімімен баспасөз беттерінде кең таралуының нәтижесінде осы атты өздері де қолдана бастады.

Жамағаттың негізін салушы Абдулла әл-Хабаши: Тегі эфиопиялық Абдулла әл-Хабашидің толық аты-жөні Шейх Абдуррахман Абдулла бин Мұхаммед бин Юсуф бин Абдулла әл-Харари әш-Шәйби әл-Абдари. Абдулла әл-Хабаши 1910 жылы Харар қаласында дүниеге келген. Абдулла әл-Хабашидің Харар мүфтиі болғандығы айтылса да, бұл тым әсірелеуші сөз.

Абдулла әл-Хабаши алғашқы діни білімін Харарда бастайды және Хабашстанның әртүрлі қалаларына және Сомалиге дейін жететін ғылыми саяхаттар жасаған. Жеті жасында Құранды жаттап, Кутубу Ситта және кейбір хадис кітаптарын да тізбектерімен бірге жаттағандығы айтылады. Туған жері Харарда да, Хабашистан мен Сомалиде де оқыған ілімдерінің арасында тәпсір, хадис, араб тілі, Ханафи, Мәлики және Ханбали мәзһабтарының фиқһымен қатар әсіресе Шафиғи мәзһабының да фиқһын оқыған делінеді. Алайда бұл мәліметтердің барлығы дерлік жақтастары тарапынан айтылған тым әсірелеуші сөздер екендігі де айтылады.

Абудулла әл-Хабашидің уағыздары Хабаш патшасы Хайла Сәләсия тарапынан елге қауіп ретінде танылғандықтан 1947 жылы мемлекет аумағынан шеттетіледі.

1948 жылы Құдысқа, кейін Бейрут, Хумс, Хама, Халеб және Шам елінің басқа да қалаларында сапар шеккендігіне қатысты деректер бар. Шамда Қадари және Руфағи тариқаттарының алдыңғы қатарлы тұлғаларымен кездеседі.

Шам аймағында «Шейх Бәдруддин әл-Хасанидің халифасы» және «Шам аймағының мухаддисы» деген атақ алғандығы айтылады. Алайда Хабашстаннан келіп Сирия аймағанда көзқарастарына орын таба алмай, қазірге дейін ахбаш жамағатының орталығы болып табылатын Ливандағы «Бурж Әбу Хайдар» аймағын таңдап алады. Ахбаш жамағатының орталығы Бейрут пен Траблус. Абдулла әл-Хабаши Ливанда орныққаннан кейін Еуропа, Америка және Аустралия сынды бірқатар елдерге саяхат жасайды.

Абдулла әл-Хабаши ұзақ саяхаттан кейін алғаш рет 1950 жылы Бейрутқа барып тоқтағанымен Ахбаш жамағатының құрылуы мен қалыптасу кезеңі 1970 жылдан басталады. Бірақ Ливандағы діни және саяси өмірдегі ықпалы 1980 жылдары байқала бастады. Абдулла әл-Хабашидің Ливанда алғашында кофеханалардың маңында жиналған адамдарды түстерін жорып, оларға қисса баяндау арқылы өзіне тартқандығы айтылады.

Абдулла әл-Хабаши әртүрлі салаға қатысты бірнеше кітап жазған. Ең маңызды еңбектері: Сиратул-мустақим, Фит-Таухид, әд-Дәлилул-Қаум ала Сиратил Мустақим, Мухтасар Абдулла әл-Харари әл-Кафилби илмид-динид-Дарури, Буғятут-Талиб ли Мағрифати Илмид-дини Уәжиб, әл-Маталибул Уәфия Шарху ақидатин Нәсәфия, Изхарул Ақидатус-Сунния би Шархил ақидатит Тахауия, Шарху Сиратил Мустақим, Сарихул баян фир-Рад ала мән халафәл Қуран.

Абдулла әл-Хабашидің негізгі діни көзқарастары: Абдулла әл-Хабаши өзін әһлі-сүннеттің шеңберінде, амалда Шафиғи, сенімде Әшғари мәзһабында екендігін айтады. Десе де кейбір заманауи мәселелерде бекіген төрт мәзһабтан өзгеше көзқарастарын білдірген.

Абдулла әл-Хабаши туған жері Хабашстанда сопылық тариқаттармен байланыста болған. Нақшбанди тариқатын Абдулғафир әл-Афғани ән-Нақшбандиден, Руфағилікті Шейх Абдуррахман Хамауи және Шейх Тахир әл-Қияли әл-Химсиден, Қадария ижазасын Шейх Ахмед әл-Арабини мен Шейх әт-Тайб әд-Димашқиден, Шазили тариқатын Шейх Ахмед әл-Бусайриден алғандығы айтылады. Демек көзқарастарында сопылық элементтердің болуы да тегін емес.

Әл-Хабаши Құранның Алланың сөзі еместігін, Жәбірейілдің сөзі екендігін айтқан. Сондай-ақ алтын мен күміске жатпағандықтан доллар секілді ақшалардан зекет берілмейді деуі, бүлік тудырмау шартымен өзге діндегілердің мал-мүлкін ұрлауға рұқсат беруі, Алланың атымен сойылмаған малдың етін жеуге рұқсат етуі, лоторея билетін ойнауды кедейлерге рұқсат етуі оның қатаң сындарға ұшырауына себеп болды.

Абдулла әл-Хабаши сопылық тариқаттардың ықпалымен әулиелердің қабірін зиярат ету арқылы олардан бір нәрсе сұрауға болатындығын айта отырып, қайтыс болғаннан кейін пайғамбарлар мен әулиелердің атымен тәуәссул жасауды жоққа шығаратын нақты дәлелдің жоқтығын алға тартқан.

Ахбаш жамағатының мақсаты мен құрылымдық ерекшеліктері: Ахбаш жамағаты барлық саяси ағымдар мен топтарға қарсы келеді. Әсіресе Мұсылман бауырлар, әт-Такфир уәл-Хижра, Танзим әл-Жиһад және Жамаға әл-Исламия секілді радикалдық сипаты бар ағымдарға қарсы шыққан. Ахбаш жамағатының орталығы Ливан болғанымен көрші мемлекет Сириямен өте тығыз байланыстары бар. Ислам әлемінде Ливан, Сирия, Йордания мен Эфиопияда орталықтары орын тепкен Ахбаш жамағаты шартарапқа таралған ағымдардың бірі. Бұл ұйым Йорданияда да 1995 жылы құрылған Жамиғатус-Сақафатил Арабиятил-Исламия атты қайырымдылық жобалар ұйымы деген атпен де әрекет етеді.

Аталған ағымның әрекеттері әлемнің әртүрлі елдерінде де кең таралған. Австралия, Швеция, Франция, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Тайвань, Канада, Дания, Украина, Америка, Индонезия, Малайзия, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан, Мысыр, Нигерия және Гана сынды елдерде қайырымдылық мақсаттағы атаулармен жұмыс істейді.

Ұйым сонымен қатар мешіт пен медресе, мектеп салу, жарлы-жақыбайларға көмектесу секілді қайымырымдылық шараларға мән береді.

Хабашилердің 1992 жылдан бері ай сайын шығып отырған «Манар әл-Һуда» журналы мен 1998 жылдан бері Ливанда хабар таратып отырған «Нида әл-Мағрифа» атты радио каналдары да бар. Сондай-ақ дүниенің түкпір-түкпіріне өздерінің мақсаттары мен әрекеттерін насихаттаушы интернет сайттары да бар. Сондай-ақ жамағаттың кітаптары мен аудио жазбаларын көбейтетін орталықтары да бар. Бұндай орталықтардың бірі Бейруттағы «Мәрказул Әбхасуәл Хидаматис Сақафия», екіншісі Оммандағы «Қисмул Әбхасуәд-Дирасатил-Исламия».

Хабашилер саясатқа жетуді мақсат тұтпағанымен, 1990 жылдан бастап Ливан мемлекетінің саясатына араласа бастады. 1992 жылы Ахбаш жамағатының алдыңғы қатарлы тұлғаларынан Аднан Трабулуси парламент мүшелігіне өткеннен кейін, мемлекеттің саяси шешімдеріне араласудан да қалыс қалмады.

Абдулла әл-Хабаши 2008 жылы 2 қыркүйекте 98 жасында қайтыс болғаннан кейін жамағат өз әрекеттерін «Жамиғату Мәшәриғил Хайриятил Исламия» деген атаумен жүргізуін жалғастырған. 1983 жылы құрылған аталмыш ұйымның қазіргі басшысы - Хуссамуддин Харақира. Ливаннан басқа Америка, Австралия, Канада, Германия, Дания, Франция, Швеция, Швейцария және Украина сынды әртүрлі елдерде отыз үшке тарта ұйымдары бар. Аталған елдердегі орталықтары арқылы қызметтерін жалғастыруда.

Ахбаш жамағаты өздерін аһлі сүнна уәл жамағаттың ішінде екендіктерін айтқанымен сопылық, суннилік және шииттік элементтерді бойына жинаған эклектикалық жаңа ағым. Сондай-ақ мешіт, мектеп, медресе және спорт сарайлары мен әртүрлі үйірмелер салу арқылы елдің көңілінен орын алып, өз мақсаттарына жетуге тырысады. Әртүрлі қайырымдылық шараларынан да тыс қалмайды. Алайда жақсылық жасағанның бәрі «жақсы» емес екені анық. Сол себепті дәстүрі мен тарихы бөлек ортада пайда болып, сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрлі дінімізде бөлінушілікке алып баратын аталмыш ағым да елімізді ұшпаққа шығарады деп айта алмаймыз.

islam.kz  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста